Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Филиалда Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы оздырылды
28.07.2016 09:57

2016 жылдың 25 шілде күні филиалдың профессорлық-оқытушылар құрамымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы оздырылды. Отырыс барысында филиал директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин РОӘК жұмысымен таныстырды:

- 2016 жылдың 22 шілдесінде өткен онлайн кеңесте көтерілген мәселелерді ПОҚ құлағдар етіп, РОӘК жоспарын назарда ұстауды тапсырды;

- филиал бойынша 2017 жылға арналған педагог кадраларының қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курсының 10 білім беру бағдарламасы жасақталып, өз кезегінде әр секция жетекшілік ететін филиалға жолданды;

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» секциясына жетекшілік жасайтынын және осы секция бойынша осы уақытқа дейін келіп түскен 8 білім беру бағдарламасын қабылдап, филиалдарға жолданды;

- РОӘК секцияларының сарапшылар құрамына енген филиалдың ПОҚ сараптауға келген білім беру бағдарламаларын уақытында сараптап жіберілуде.

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Айша Махметова жылдың басынан бері РОӘК бойынша келген хаттарды арнайы папкаға жинақтап, ПОҚ таныстырды. Осы кезге дейін 37 хат жинақталды.

Сонымен қатар, РОӘК құжаттары Google және локалды дискіге жинақталып, барлық оқытушыларға жұмыс орынынан немесе кезекті еңбек демалыстары кезінде кез келген жерден жұмыстануға жағдай жасалды.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту