Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі
02.08.2016 03:20

Өздеріңізге белгілі, 2017 жылы елімізде өткізілетін ең маңызды оқиғаларының  бірі «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі». Бұл көрменің өткізілуі 2017 жылдың  17 маусымнан бастап 10 қыркүйек аралығында 93 күнге созылады және оның өтуі бүкіл әлемнің  назарында болады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен аталған көрмені өткізуге дайындау және оған келушілерді тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Сонымен қатар, Министрлік ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап көрме билеттерін онлайн сату басталғанын және бүгінгі күні билеттердің негізгі құнынан 20%-дан 50%-ға дейінгі икемді жеңілдіктер ұсынатын промо-кезең іске асырылуда екенін мәлімдейді.

Ел азаматтарына көрмеге келу үшін әлеуметтік бейімделген бағалар мен жағдайлар қамтамасыз етілген. Билеттерді алдын ала сату 2016 жылдан 2017 жылдың 09 маусымына дейін жүргізіледі.

Билеттерді www.tickets.expo2017astana.com сайтынан онлайн режимде сатып алуға болады.

 

Пікірлер 

 
0 #3 Elvira Sultanova 2016-08-05 18:12 Сәттілік серик болсын!!! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Мейрамгуль Хамитова 2016-08-05 17:29 Сəттілік болсын бəріңізге! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Елдос Сафуллин 2016-08-02 09:42 Қазақстандықтар үшін билет құны 6000 теңге шамасында Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту