Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай бағдарлама
19.08.2016 18:04

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.  Осы бағдарламаның қыр-сырын танып білу мақсатында «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ БҚО ПҚБАИ ұйымдастырған төрт апталық курста  білім алып, тәжірибемді толықтырып келдім.

Курс Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының базасында өткізілді. Аталған білім беру бағдарламасы аясында ұғынғаным мен түсінгенім мол. Өз ісінің шебері, білікті де білгір маман, курс тренері Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы мұғалімдердің  барлығын ұйымшылдықпен жұмыс жасауға біріктіріп, өз ортамызда ынтымақтастық ортаны қалыптастыра білді. Түрлі әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңаша формаларын қолдану арқылы әр күннің сабағын бір-біріне ұқсамайтындай етіп жоспарлаған тренеріміз тыңдаушылардың практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындап, нәтижеге өздерінің қол жеткізуіне бағыт-бағдар беріп, тыңдаушылардың талмай жұмыстануына жетекшілік жасады. Курс тыңдаушылары да әр сабаққа зор ықыласпен, аса қызығушылықпен қатысып, қысқа мерзімді жоспар құрудың хас шеберіне айнала білді деуге болады. Осындай жемісті еңбектің нәтижесінде топ тыңдаушылары сынақтан сүрінбей өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының курсын осылайша  тиімді де мазмұнды етіп ұйымдастырған институт ұжымына, тренеріміз Р.С.Қуанаеваға, кураторымыз Г.Е.Таскалиеваға №56-топ тыңдаушылары атынан зор алғысымызды білдіреміз.

Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.

Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті  тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отыр.

Жаңа мазмұнды білімнің тиімділігін түсінген тыңдаушылар жаңалықты жақсы қабылдай білді. Курс барысында олар теориялық білімді практикамен ұштастырып  отырды.

Курстан алған білімімді келешекте педагогикалық тәжірибемде толық қолданамын. Ұрпақ келешегі үшін жасалып жатырған игі бағдарламаға сәттілік тілеймін.

Нахметова Акгул Максотовна,

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №1 мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Пікірлер 

 
-1 #2 Мирагүл 2016-09-16 22:58 Қазіргі кезде өз пәніңді теория жағынан ғана білген аздық етеді. Мұғалім де оқушы сияқты үнемі оқып, білімі мен біліктілігін арттырып тұру керектігін бәріміз білеміз. 4 апталық оқу сондай керемет курстардың бірі болды. Тренеріміз Рысқаным Сағынбайқызы бізге жаңа бағдарламаның қыр-сырын түсіндіріп қана қоймай, түрлі әдіс-тәсілдерді сабақ үрдісінде қалай пайдалану керек, қай жерде қандай тәсілді пайдаланған ұтымдырақ екенін бүге-шігесіне дейін ҮЙРЕТТІ деп толық айта аламын. Бұл курста көп нәрсені үйреніп қана қоймай, жаңа достар мен тәжірибесі мол әріптестермен де таныстық. Рысқаным Сағынбайқызына үлкен алғысымды білдіремін. Тыңдаушыларыңыз көбейіп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Шаттык 2016-09-15 22:55 Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай оқушыларымыздың сұранысын қанағаттандырат ын тың бағдарлама.4 апта бойына бағдарлама сырын ашып түсіндірген, алдымыздағы сынаққа терең дайындаған Қуанаева Рысханым Сағынбайқызына өзімнің және 56-топ тыңдармандары атынан алғысым шексіз. 4 апта бойына оқушы есебінде оқып, білімімізді тереңдеттік және бір отбасының адамдарындай достасып қимай қоштастық. Алдағы уақыттарда да еңбегіміздің жемісі мен жеңісін көре берейік. Жаңартылған оқу бойынша тәжірибе алмасып, семинар, сайыс, конференцияларғ а белсенді қатысайық дегім келеді. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту