Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Жаңалықтың бастауы – жаңартылған бағдарлама
22.08.2016 10:19

Бүгінгі таңда елімізде орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндетіне айналып отыр.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай оқушыларымыздың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Оған дәлел, кәсіби тұрғыда жаңа  сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерделеп жүрген сәтімізде арнайы курсқа баруымыз бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабы болды. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл 4 дағды бір-бірімен тығыз байланысты. Жыл бойына «шиыршық» қағидаты бойынша бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын оқу мақсаты та күрделеніп отырады. Сонымен қатар, білім берудегі негізгі құндылықтарды (құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм немесе азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық және өмір бойы білім алу) баланың бойына сіңдіре білуіміз керек. Осы курста жаңартылған  білім   беру  бағдарламасының  құрылымын, мазмұнын,  мақсаттарын  білдік, педагогикалық  тәсілдерді, критериалды  бағалау  жүйесін   жаңартылған  білім  беру   бағдарламасын  іске  асыру  үшін  қажетті  біліктер  мен  дағдыларды     үйреніп   білдік. Жаңа әдіс-тәсілдер бір жүйеге келтірілген, сабаққа тиімді пайдалануға, оқушылардың тілді игеруіне зор ықпалын тигізеді. Біз бірлескен оқу, белсенді оқу стратегиялары, оқушылардың қажеттіліктерін қанағанаттандыру, оқушыларды уәждеу т.б. тәжірибемізде тиімді пайдаланатын боламыз.  Оқушыларға дайын ақпарат бермей, өздерінің бар білім дағдыларын ескере отырып, дағдыларын жетілдіруге қолдайтын боламыз. Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгеру барысында әртүрлі тапсырмалар ойындар, тренингтер өткізіліп, шешуі қиын, күрмеуі түйінді мәселелердің санада жүрген сан қилы сұрақтарына жауап алдық. Курс жетекшісі Бахтиярова Рысқаным Жолболсынқызы әр өткізген сабағында өзіндік жаңашылдығымен, шығармашылығымен, кәсібилігімен мұғалімдерді тәнті ете отырып, жаңа әдіс-тәсілдермен, «шиыршық» қағидаты бойынша таныстырды. Ал біз – тыңдаушылар, бір сәт болса да оқушылық кезеңге бет бұрып, осы үзінділерді өз шеберліктерімізге салып «драмалық әдіс» арқылы қойылымдар, екінші тілді үйрету бойынша арнайы ертегілерден «рөлдік ойын» бойынша үзінділер т.б.көрсеттік. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдерді өзіміз өн бойымыздан өткізіп, практикалық түрде жүзеге асырып, жиынтық саралау жүргізіп әдістемелік  қоржынымызды толықтырдық, кәсіби жағынан толыстық деп толық айта аламыз. Аталмыш курс барысында берілген теориялық және практикалық  білімді келер күні тәжіриебемізде пайдаланатынымыз сөзсіз. Бұл курста айтылғандай, мұғалім үшін бағдарламаның тиімділігі – рефлексия жасауға, сонымен қатар оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған іс – шаралар мен жаттығуларды әзірлеуге мүмкіндік берілетіндігі.

Бүгінгі таңдағы жаңа тұрпатты Қазақстандық мұғалімнің алдындағы үлкен   міндет – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған, заманның талаптарына сай жауап беретін кәсіби шебер маман болу. Осы міндетті орындағанда  ғана біз ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ          тәрбиелей аламыз.

Осындай  тың  серпіліс, тың күшпен бар үйреніп-білгенімді өз мектептерімізге барып енгізіп, шығармашылықпен жұмыс жасайтынымызға толық сенімдіміз.

54-топ тыңдаушылары: Шапекенова Ләззат Бакаевна №25 ОЖББМ қазақ  тілі пәнінің мұғалімі және Акашаева Зияда Мирасовна №8 ДБМОМ қазақ  тілі пәнінің мұғалімі.

 

 

Мақалаға орай жазылған курстан кейінгі сыр...

Көшеде келе жатып, жан-жағыңызға сәл ғана аялдап, мұқият зер салыңызшы. Не көресіз?

Ия, почта жәшігіне хат салмай ақ, бір-бірімен  сиқырлы ұялы телефондармен сөйлескен адамдар, жол қауіпсіздігі сақшыларының орнын басқан бағдаршам, бес, он, тіпті жиырма қабаттан асатын ғимараттарды байқайсыз. Өмір деген осы, бір орында тоқтамай, зулап, айнала береді. Тегершігі айналған сайын, адамдар өмірге әкелген жаңағыдай ғажайып жаңалықтар легі де көбейе түседі.

Ал енді, аяңдап қасиетті білім ордасы- мектепке қарай келіңіз. Терезеден көз салыңыз. Кенет тосын нәрсеге таңғалғандай, терезеге жақындай түстіңіз. Соншама таңғалардай не байқадыңыз? Таңғаларлық оқиға сынып ішінде сол еді. Ең алдымен әдеттегідей жалғыз өзі жиырма минут сабақ түсіндіретін мұғалімді байқамадыңыз. Оның орнына оқушылар арнайы құрылғыдан әлдебір бейнефильмді көріп отырды. Кенет ұстаз бейнефильмді бітірмей, орта тұсынан тоқтатып, оқушыларға сұрақ қойды.

-        Балалар, бұл оқиға не туралы екенін болжап айтыңдаршы,- деді.

Сіз одан әрмен таңғалдыңыз. Себебі сіз оқыған кезде , оқытушы алдымен сабақтың тақырыбымен таныстырып, оған кеңінен талдау жасап оқытатын еді. Ал қазір оқушылар өз бетімен сабақ тақырыбын білуге талпынып отыр. Олар бұл қызықты екен. Әр түрлі болжамдар айтып, белсенді қатысып отыр сабаққа. Міне, тақырып та табылды. Оқушылар осылайша қырық бес минут сабақ үстінде мұғаліммен тең, кейбірі тіпті, артық дәрежеде қатысып, өздерін емін-еркін, сергек,ширақ ұстап сабақты аяқтады.

Сонымен, бұл не?

Оқушылардың сабаққа құлшынысын еселеп арттырып, енжар оқушыны еріксіз оятып, ержүрек тұлға жасайтын керемет құбылыс не екен? Білмесеңіз айтайын, бұл жаңаша білім беру бағдарламасы бойынша өткен сабақ еді.

54 -топ тыңдаушысы: Базарбаев Азамат Мейрамбекулы

№13 ОЖББМ қазақ тілі пәні мұғалімі.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Зияда 2016-08-23 19:12 Шыныменде, бұл курс тамаша өтті!
Әлі күнге әсеріміз басылар емес… 20 күн ішінде барлығымыз бір жанұядай боп кеттік. Біздің тренер Рысханым Жолболсынқызы, мықтылардың мықтысы біз үшін!!! РАХМЕТ СІЗГЕ!!!
Басталғалы отырған жаңа оқу жылына жаңа күшпен кірісейік, ӘРІПТЕСТЕР! Жемісті жыл болсын!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту