Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Хабарландыру
10.09.2016 09:40

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» атты облыстық байқауы өтетіндігі туралы хабарлайды. Байқау беті

Аталмыш байқау 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. 2014 жылы байқауға аудандар бойынша ауылдық типтегі жалпы орта білім беретін 12 мектеп қатысса, 2015 жылы 28 мектеп және 3 мектеп-гимназия қатысты.

Екі жылда өткізілген байқауларды салыстырғанда, 2015 жылы қатысушы мектептер санының және байқауға ұсынылған материалдардың сапасының артқандығы байқалды. Байқаулардың барлық материалдары: ережесі, қатысушылар тізімі, байқау қорытындысы, мектептер туралы бейнефильмдер, 2014 және 2015 жылдардағы байқаудың статистикасы сайтымызда http://zkoipk.kz/b20161.html сілтемесі бойынша орналасқан.

Байқауға қатысу нәтижесінде мектептің тарихының қызықты тұстары, жұмысының нәтижелері, жетістіктері, үздік тәжірибелері цифрлық форматқа айналып, болашақ ұрпаққа пайдалы бейнеөнім дайындалады.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Менжан Мурзабулатов 2016-09-14 16:11 Приглашаем принять активное участие в конкурсе сельские общеобразовател ьные школы области! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Махметова Айша 2016-09-13 15:43 Байқауға ауылдық типтегі жалпы орта білім беретін мектептерді қатысуға шақырамыз. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту