Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

«Қазақстан – Ұлы дала елі» қосымшасының таныстырылымы
16.09.2016 09:46

15 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ мәжіліс залында ҚР сыртқы істер министрлігі жасап, ұсынған «Қазақстан – Ұлы дала елі» қосымшасының таныстырылымы өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ауқымды интернет-жобалар құруда Елбасы тапсырмасы бойынша жасалған сандық энциклопедия география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Қазақстанның шынайы ықшам  энциклопедиясы болып табылатын бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір Қазақстан азаматына, шетелдік саяхатшыларға елімізді жан-жақты таныту.

Қосымшаны таныстырған институт директорының орынбасары Сафуллин Елдос Набиоллаұлы институт қызметкерлеріне энциклопедияны қолданудың жолдарын, маңызы туралы айта отырып, қамтылған материалдармен таныстырды. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнебаяндар, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жинақталған бұл энциклопедия ізденушілерге де таптырмас құрал болып табылады.

Таныстырылым соңында планшеттер таратылып, қатысушылар сандық энциклопедиямен өздері де танысып, қажеттілігіне көз жеткізді.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту