Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Облыстық дөңгелек үстел өтті
01.11.2016 09:58

31.10.2016 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ БҚОПҚБАИ базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты: жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері және оқу процесінде белсенді оқыту стратегиялары туралы педагогтердің білімдерін кеңейту; ҚР орта білім беруді жаңарту жағдайында жаңа педагогикалық тұрғыларды түсіну және қолдану арқылы педагогтердің кәсібилігін жетілдіру сұрақтарын талқылау, озат педагогикалық тәжірибемен алмасу.

Келесі мәселелер қарастырылды:

1.  «Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш буында пәндерді оқытудың мазмұндық ерекшелігі.

2. Оқытудың белсенді әдістері. Жұптық және топтық жұмыстың түрлері. Өзара оқыту мен өзара бақылау.

3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың дәстүрлі бағалау процесінен тұжырымдамалық ерекшеліктер

Дөңгелек үстел диалог түрінде сындарлы алаң тәртібінде жұмыс жасады. Оның барысында жаңатылған білім мазмұны жағдайында мақсат қою, жоспарлау, оқыту және критериалды бағалаудың сұрақтары талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданды. Оның ішінде жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқыту процесінің мазмұны мен құрылымына енгізілген елеулі өзгерістерге байланысты ата-аналармен жүргізілетін ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстарын өткізуде мұғалімнің айрықша ролі атап көрсетілді.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту