Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты жоспарлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы семинар-практикумы өткізілді
01.11.2016 12:17

2016 жылдың 1 қараша күні «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты жоспарлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында ауыл және қала мектептерінен  1 сынып  мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырылды.

Мақсаты: Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде сабақты тиімді жоспарлап өткізудегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

Қатысушылар: аға оқытушылар, орта білім мазмұнын жаңарту бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін оқытатын тренерлер, Батыс Қазақстан облысы бойынша ЖОББМ және пилоттық мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері

Семинар-практикумның бағыттары

- Жоспарлау түрлері (ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар)

- Мақсат қою – жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы негізігі кезең

- Сабақты тиімді жоспарлап өткізудегі әдіс-тәсілдер

- Рефлексия мен сабақты бағалаудың ерекшеліктері

Семинар-практикумның модераторлары аға оқытушылар, орта білім мазмұнын жаңарту бойынша бастауыш сынып мұғалімдерін оқытатын тренерлер қатысты. Семинар-практикумға  ауыл және қала мектептерінен 84  1 сынып мұғалімдері қатысты.  Семинар-практикум барысында модераторлар және пилоттық мектеп мұғалімдері орта білім мазмұнын жаңарту тұрғысынан сабақты жоспарлаудың  өзекті мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулар берді. Семинар қорытындысында бастауыш сынып мұғалімдері  мақсат қою – жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы негізігі кезеңдерімен, сабақты тиімді жоспарлап өткізудегі әдіс-тәсілдермен, рефлексия мен сабақты бағалаудың ерекшеліктерімен танысып үйренді.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту