Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің курсы
02.11.2016 12:31

2016 жылдың 31 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ базасында «Көпмәдениетті және көптілді білім беру жағдайында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қазіргі сабақты жобалау әдістемесі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған ақылы қысқамерзімді курстарында оқыту басталды. Курстың ұзақтығы екі апта, 72 сағат.

Курсқа Батыс Қазақстан облысының ауыл және қала мектептерінен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері келді. Курстың мазмұны мұғалімдерді көптілді білім беру жағдайында орыс тілі мен әдебиеті сабағын құрастыруда жаңа тұрғылармен таныстыруға бағытталған. Оқыту процесінде мұғалімдер оқытудың белсенді әдістерімен, қашықтықтан оқыту технологиясымен танысады, «Көпмәдениетті және көптілді білім беру жағдайында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қазіргі сабақты жобалаудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстелде жұмыс жасайды, «Көпмәдениетті және көптілді білім беру жағдайында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қазіргі сабақ: мәселелер және шешу жолдары» курсішілік конференцияның жұмысына қатысады. Мұғалімдердің курста оқу барысында дайындаған шағын-сабақтары курста оқуды қорытындылау жұмысы болып танылады.

 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту