Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

Педагогтің кәсіби шеберлігін дамытудағы жаңаша көзқарастар
04.11.2016 17:51

2016 жылдың 4 қарашасында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатын көздеді, сондай-ақ оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін дамытуда жаңа көзқарасты қалыптастыру, жаңартылған білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру негіздері ретінде патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту және қалыптастыру, оқушылардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-тәжірибе, пікір алмасу міндеттері қойылды.

Сонымен қатар шара аясында «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасының таныстырылымы жүргізілді.

Дөңгелек үстелге «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдары кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, колледж және аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысында ұсыныстар қабылданды.

Құнды пікірлерімен және іс-тәжірибесімен бөліскендерге қатысушы куәлігі берілді.

 

Пікірлер 

 
0 #5 Гүлнара Умбетова 2016-11-10 22:05 Құрметті облыстық дөңгелек үстел қатысушылары! Өз тәжірибелеріңіз бен, құнды мәліметтермен бөліскеніңіз үшін рахмет.Габбасова Б.Б, Еркегалиева Ж.А, Бахтиярова Р.Ж сіздерге ерекше алғысымды білдіремін! Алдағы бірлескен жұмыстарымыз одан сайын жемісті болатына үміттенемін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Сайра Сексенбаева 2016-11-09 15:55 Дөнгелек үстелге қатысқан мүдделі ұйымдардың мамандары және әріптестер! «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы ел патриотизмі; мектеп, ата-ана,оқушы үштік одақтың ынтымақтастығы; қазіргі таңда тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіруд ің өзектілігі туралы қозғаған пікірталас ойларыңызбен бөліскендеріңіз ге және жасалып жатқан қызметтеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Жасұрпақ тәрбиесіндегі игі істеріңізге жеміс, жеңіс, табыс тілейміз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Гульмира Итулина 2016-11-07 18:33 На круглом столе были обсуждены вопросы касающиеся социализации личности в современных условиях. Были приглашены много заинтересованны х и интересных людей, которые поделились своим опытом.Спасибо большое организаторам. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Алмурзина Рита 2016-11-07 11:40 Оқушыларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі педагогтің кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтті.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мен жеке тұлға қалыптастыру бағыты бойынша әр ұстаздар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Ұйымдастырушыла рға шығармашылық табыстар тілейміз! Осындай кездесулер көптеп болса екен дейміз. Баршаңызға алғыс білдіремін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Нургуль Бекбулатова 2016-11-06 20:53 Болашақ ұрпақ тәрбиесі жөнінде құнды пікірлер мен ойлар айтылды. Дөңгелек үстел өте сәтті өтті. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, әлеуметтік тұлға қалыптастыру бағытына әр ұстаз өз ұстанымы мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Кафедра оқытушыларына шығармашылық табыстар тілейміз! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту