Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Ғасырлар тоғысындағы ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесі
02.12.2016 16:36

1-желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Ғасырлар тоғысындағы ұлт көшбасшысы» атты кітап көрмесі:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғам филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» кітапханасы 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Ғасырлар тоғысындағы ұлт  көшбасшысы» атты кітап көрмесін біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына таныстыру шарасы өткізілді.

Көрменің мақсаты – Елбасының жүргізіп отырған  саясатын, іскерлік қабілетін, Тәуелсіз елдің іргетасын қалап, болашаққа нақты бағыт – бағдар  берген сарабдал саясатын насихаттау. Көрме барысында Елбасының Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектері мен Ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолдарындағы жыл сайынғы халыққа жолдауларының жинағын, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында республикалық Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген  Ел Президентінің «Ұлы дала ұлағаттары» тақырыбындағы еңбектері насихаттап – таныстырды.

Сонымен қатар қараша қабылданған "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы" таныстыру барысында қабылданған декларацияның еліміз үшін маңызды оқиға болып табылатындығын,  онда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру тарихына баға беріліп, осы бағыттағы миссияны  Елбасының аса сәтті орындап шыққанын атап көрсетті.

Көрме барысында Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жолындағы «100 нақты қадам» яғни, түрлі тарихи белестерді басынан өткізген Егемен елдің дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бағытталған ұлт жоспары толықтырды.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту