Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика

«Ұлт денсаулығы күніне» арналған спорттық шаралар өткізілді
05.12.2016 15:24

Фотогалерея

2016 жылдың 30 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс аясында  «Ұлт денсаулығы күніне» арналған  спорттық шаралар  өткізілді.

Шараның мақсаты: институт қызметкерлерінің өз және қоршаған орта денсаулығы туралы қағидаттарына бағытталған өмір салтын қалыптастыру.  Шара барысында салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы жолындағы ынтымақты жауапкершілігі туралы директордың орынбасары Е.Сафуллин әңгімеледі. Е.Сафуллиннің бастамасымен өткізілген денені шынықтыру жаттығуы, теннис ойыны, флеш-моб институт қызметкерлерінің денесін ширатып, интеллект өрісін кеңейтіп, рухын шыңдады. Шара соңында институт қызметкерлері  айдың бірінші  дүйсенбісін «Денсаулық дүйсенбісі» деп атап, денені шынықтыру жаттығуларын жасауды және дәстүрге айналған сәрсенбі күнгі шаңғы тебуді жалғастыруды ұйғарды.

Фотогалерея

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту