Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


«Сағындырған әндер-ай!» атты ретро әндердің музыкалық бағдарламасы
14.12.2016 14:30

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс –  «Астана» күні  аясында салтанатты жиын болып өтті. Алдымен институт директоры ұжым қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар әріптестерді жемісті еңбек еткені үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Сонан соң институт қызметкерлері Тәуелсіздігіміз бен егемендікті паш етер нұрлы сәттерден бейнематериалды тамашалады.

Жиынның екінші бөлімі «Сағындырған әндер-ай!» атты ретро әндерден музыкалық концерттік бағдарламаға ұласты.

Концерттік бағдарламада институт қызметкерлері халық сүйіп тыңдайтын, қазіргі таңда қайта жаңғырып, жалпыхалықтық әндерге айналып үлгерген Туған жер, Атамекен, Астана тақырыптарындағы әндерді нақышына келтіре орындап, шыңына жеткізе шырқады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 игі іс –  «Астана» күні  аясында өткізілген шараға белсене қатысқан институт қызметкерлері «Сегіз қырлы, бір сырлы»; «Халық әнін насихаттаушы»; «Ұлылықты нәзік үнмен паш еткен»; «Көрермен көзайымы»; «Елжанды  рух»; «Отанын сүйген от жүрек»; «Күміс көмей, жез таңдай», «Сезіммен тербетілген ән» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ  шарада директордың орынбасары Е. Сафуллин өзінің туып-өскен Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылынан бейнематериалды көпшілік назарына ұсынды.

Шара соңында «Атамекен» әнін орындаған институт қызметкерлері патриоттық рухпен салтанатты шарадан көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Орындаған: Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы,

Баспа және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы

 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту