Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді
15.05.2017 16:50

Конференция беті

Фотогалерея

2017 жылдың 15 мамыр күні Орал қаласындағы «Оқушылар сарайы» базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Биылғы жылғы конференцияның басты ерекшелігі интерактивті бағдарламаның шығарылуы, яғни секциялық отырысқа дейін әрбір қатысушы тыңдағысы келген 4 баяндаманы таңдау үшін бағдарламадағы QR кодты сканерлеп дауыс береді. Көп дауыс жинаған 4 қатысушы секциялық отырыста баяндамасын оқуға мүмкіндік алады. Шараға 200-ге жуық қатысушылар мақалаларын ұсынды, сараптау кеңесі ұсынылған мақалаларды іріктеп, талапқа сай дайындалған мақалалар жинаққа енгізілді. Шараға дейін материалдар жинағы жарық көрді.

Конференция «Білім берудегі Смарт технологиялар» тақырыбындағы көрмені тамашалаумен басталды. Көрмеге 2013-2017 жылдар аралығында өткізілген шаралар хронологиясы бойынша баннерлер, конференциялардың жинақтары, дискілері, әдістемелік материалдар қойылды. Шараның пленарлық мәжілісінде «Оралдағы Өрлеу өрнектері» тақырыбындағы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Пленарлық мәжілісте филиал директоры Софья Измуханбетова конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Шараға арнайы шақырту алған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің Көптілділік институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Ли Чжон Хюн мырза баяндамасын оқыды. Пленарлық мәжіліске қатысушылармен интерактивті бағдарламамен жұмыс жүргізілді. Одан әрі қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансулу Төремұратова баяндамасын оқып, өз ойын ортаға салды. Финляндия қолданбалы ғылымдар университетіндегі Біліктілікті арттыру институтының директоры, профессор Сеия Махламаки Култанен (Финляндия Республикасы) бейнебаяндамасын ұсынды.

Шараға қатысушылар №42 «Ақ ниет» гимназиясының «Ағылшын тілі» үйірмесіне қатысушы 4-сынып оқушылары «Салқын жүрек» тақырыбындағы театрланған қойылымды тамашалады (жетекшісі Р.К.Қадырханова). Одан кейін конференция қатысушыларын «Оқушылар сарайы» ғимаратымен үш тілде таныстыру экскурсиясына ұласты.

Секциялық отырыстар кезінде 5 секция бойынша интерактивті жинақтағы QR кодты сканерлеп дауыс беру кезінде, көп дауыс жинаған қатысушылар баяндамаларын оқыды. Қазақстандық білім берудің мазмұны, әдістемесі және сапасы, цифрлық білім беру контентін жасақтау және пайдаланудағы халықаралық тәжірибе және отандық практика, смарт техниканы белсенді қолдануға бағытталған білім беру және оқыту әдістемесі, инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануда туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы өзекті мәселелер қозғалып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Секциялық отырыстардың соңында қатысушыларға филиал жанында дайындалған қашықтық курстары туралы мағлұмат берілді. Назарбаев Зияткерлік Мектебі директорының ҒӘІ жөніндегі орынбасары Г.Нагибова «Мәліметтерге сапалық талдау жүргізу», филология ғылымдарының кандидаты, мұғалім-эксперт О.Опря «Орыс тілі сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдары» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетті.

Конференцияда келесі міндеттер шешімін тапты: білім беру мазмұнын жаңарту аясында смарт білім беру бойынша шетелдік және отандық тәжірибе алмасу; оқыту мен білім беруде смарт техникаларды пайдалану бойынша педагогтердің сауаттылығын арттыру. Контент және желілік қауымдастық арқылы кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Шараның соңында әр қатысушыға «Қатысушы куәлігі» табысталды және ұсыныстар қабылданды.

 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту