Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты тарихи – танымдық кеш өтті
30.05.2017 17:39

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың конференц залында 30 мамыр күні сағат 15.00-де  31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым»  атты тарихи – танымдық кеш өтті. Кешке «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына курсқа келген  тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Шараның мақсаты: Ашаршылық пен репрессия тақырыбын айтпас бұрын, сол уақытты кезеңмен, саяси құрылыммен, тарихи деректермен қатар қарастыру қажеттілігі туындап отырғандығына оқырман назарын аудара отырып, оқиғаны жан-жақты талдау, оқиға туралы жазылған әдебиеттермен таныстыру.

Биылғы 31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы дата. Бұл жылы ашаршылық оқиғаларының болғандығына 85 жыл, саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 80 жыл, Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. 31 мамырды «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.

Шараның ерекшілігі ҰҚК-нің архивінде отырып, үлкен еңбек еткен, нәтижесінде 2000 жылы «Сол бір сүргін» атты кітап жазып оқырманға ұсынған, ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахин жақында ғана баспадан жарық көрген алғашқы кітапты толықтырып, «Қорғаймын!» -деп қазақты...» атты атау берген жаңа кітабының сүйінші данасын оқырмандарға таныстыру үшін қонаққа келді. Сондай-ақ кітаптағы кейіпкерлер Ғұбайдолла Әнесовтің туған інісі  Көшеков Нығметолла Әнесұлы  және Молдағалиев Саткалидың қызы Нұржиян Сатқалиқызы Халиуллина қатысты.

Шара барысында Ғұбайдолла Әнесовтің рухына арналған ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ғайса-Ғали Сейтақтың «Бостандық боздағы», Серік Тұрғынбековтің «Арыстар назасы» өлеңдері оқылды, «Қазақ қасіреті» және «Дорога людей, жажда свободы» бейне фильмдерінен үзінді көрсетілді, «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараны Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінің оқытушысы, тарих  ғылымдарының кандидаты Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаева жүргізді.

Аталған шараның тарих пәні мұғалімдері  үшін маңызы зор болды. Мұғалімдер тақырып төңірегінде тың ақпараттар алды, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Пікірлер 

 
0 #3 Аскербек 2017-06-01 08:45 Өте маңызды іс-шара. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Қанат Мұратұлы 2017-05-31 14:40 Сәлеметсіздер ме? 31 мамыр саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Тарихтан тағылым-өткенге тағзым" атты тарихи танымдық кеш ерекше әсер қалдырды. Өйткені саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандардың тікелей ұрпақтарымен кездесу болды. Сонымен қатар А.Шахинның "Қорғаймын!" деп қазақты… аса құнды тарихи кітаптың тұсаукесер рәсіміне куә болып қайттым. Осындай кештің қатысуына мұрындық болған«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұжымына және тренеріміз Гүлдана Ерсайынқызына алғыс білдіремін! Рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Таева Лунара 2017-05-31 14:21 Қайырлы күн!
Аталған шараға тренеріміз Г.Е.Тасқалиеваның жетекшілігімен бардық.Кітаптар көрмесін тамашаладық.Кітап авторымен және кітаптағы кейіпкерлердің туғандарымен танысып,пікір алмасу біз үшін құнды болды.Осындай шаралардың кең көлемде аталып өтуін қалар едім. Кәсіби тәжірибиеме қажетті,құнды ақпараттар алғаныма қуаныштымын.Рахмет!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту