Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Оқыту семинары өткізілді
12.06.2017 12:01

2017 жылдың 12  маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарына  «Информатика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша педагогика қызметкерлерінің біліктілігін ағылшын тілінде арттыруға арналған 640 сағаттық «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру»  бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 14 тамыз бен 2 желтоқсан аралығында біліктіліктерін арттыратын 36 педагог (қала – 24, ауыл - 12) шақырылды.

Семинарға облыстық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Ж.Н.Куспанова, Ұ.М.Ажикенова қатысты. Шақырылған 36 педагогтен тек 16 педагог толық қатысты, 6 педагог кешігіп келгендіктен жартылай қатысты, 14 педагог мүлде қатысқан жоқ.

Семинар барысында қатысушылар үштілділікке байланысты біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелерімен танысты, ағылшын тілінде  шебер-сынып өткізілді және курсқа байланысты сауалнама толтырды.

Семинарға қатысушыларға «Қатысушы куәлігі» берілді.

Толық мәлімет

 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту