Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Оқыту семинары өткізілді
23.06.2017 11:45

2017 жылдың 23  маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ  «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарына  «Информатика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша педагогика қызметкерлерінің біліктілігін ағылшын тілінде арттыруға арналған 640 сағаттық «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру»  бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 14 тамыз бен 2 желтоқсан аралығында біліктіліктерін арттыратын   19 педагог (қала – 18, ауыл - 1) шақырылды.

Семинарға қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік әдіскерлері С.Ж.Кажгалиева, А.К.Еслямова және С.М.Абулхатина  қатысты. Шақырылған 19  педагогтен тек 11 педагог толық қатысты, 8 педагог мүлде қатысқан жоқ.

Семинар барысында қатысушылар үштілділікке байланысты біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мәселелерімен танысты, ағылшын тілінде  шебер-сынып өткізілді және курсқа байланысты сауалнама толтырды.

Семинарға қатысушыларға «Қатысушы куәлігі» берілді.

Толық мәлімет

 

Пікірлер 

 
0 #3 Ләйлім 2017-06-23 12:56 Бүгін өте жақсы семинар болды.Жалпы осы үштілде білім беру жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік -тілдік құзыреттіліктер ін қалыптастыру туралы нақты,толық ақпарат берілді.Бұл курсты оқып бітірсек бізге берер көмегі өте көп!Өрлеудің ұжымына үлкен алғыс!Бұйырса жас маман ретінде сіздерден жақсы біім алып,білім саласының өрлеуіне өз үлесімді қосамын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Елдос Сафуллин 2017-06-23 12:10 Әлі де келмеген тыңдаушылар бар. Олармен 17 шілдеде семинар өткізетін болармыз. 36 тыңдаушының 30-ын көрдік. Араларында мәселелерді шешу қажет болатындары да бар. Қалған 6 тыңдаушыны мүлде көрмедік Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Елдос Сафуллин 2017-06-23 12:08 Осы бағытта өткізген 2-семинарымыз.4 айлық курс тыңдаушыларына пайдалы ақпараттар берілді. Ең бастысы маңызды курсты жақсы өткізсек деген ойымыз бар. Қалалық білім беру әдіскерлеріне ризашылығымызды білдіреміз. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту