Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңартылған білім беру үдерісінің дидактикалық және әдістемелік негіздері
24.06.2017 09:49

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, ағымдағы жылдың 19 мен 21 маусым аралығында үш күндік облыстық ғылыми-әдістемелік семинар технология пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылып өткізілді. Семинардың тақырыбы жалпы білім беретін мектептің жаңартылған білім беру үдерісі аясында «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік негіздеріне арналды.

Ғылыми-әдістемелік семинардың алғашқы күнінде жаңартылған білім беру үдерісінің дүниежүзілік және Отандық білім беру кеңістігіндегі өзектілігін көтере келе, қалыптасқан жаңа дидактикалық және әдістемелік ұғымдық аппараттардың анықтамаларын ортаға салып талқыладық. Мектеп тәжірибесіндегі білім беру мазмұны мен оның жасалу тәсілдеріне, мақсатына, оқытудың формаларына, әдіс тәсілдеріне және құралдарына, бағалау жүйесіне талдаулар жасап, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындап, аталған кемшіліктерді жоюға бағытталған шетелдік және Отандық оқытудың замануи технологияларының, соның ішінде тәжірибеге бағдарлы, саралап және даралап оқыту, сыни тұрғыда ойлау, тұлғаға бағдарлы, іс-әрекеттік, конструктивтік, «скаффолдинг», дамыту оқыту түрлерінің тиімділігін ғылыми еңбектерде анықталған қағидаларына сәйкес негіздеуге ұмтылдық. Осы аталған оқытудың технологиялары аясында «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының білім беру мазмұны мақсаттылық сипатта орын алуы және «спиралды» тәсілмен оқу материалдарының жүйеленуі, сынып сабақтарында, сыныптан сыныпқа көшу кезінде де олардың орын алуын түсіндіріп өттік.

Семинардың екінші күні «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қолданатын белсенді әдістердің түрлеріне және оларды пән сабақтарында қолданудың әдістемелік тәсілдерін де дәстүрлі оқыту әдістемесімен салыстыра, олардың тиімділігі мен қолжетімділігін пән мұғалімдеріне арнайы тәжірибелік сабақ үлгісінде көрсеттік.

Үшінші күні пән мұғалімдері жалпы орта мектептің «Көркем еңбек» оқу пәні мен сабақтарына оқу-әдістемелік құжаттарды жаңа форматта жоспарлау мен дайындау бойынша тапсырмалар орындады. Белсенді әдістерді, олардың тәсілдерін оқу сабақтарында тиімді қолдану бойынша тәжірибелер орындады. Орындаған тапсырма бойынша пән мұғалімдері өзара талқылаулар жасап, пікір алмасты, ұсыныстар жасады. Мұғалімдердің арасынан үздік орындаған жұмыстардың авторлары баяндама жасады.

Қорыта айтқанда, семинарға қатысқан «Технология» оқу пәнінің 29 мұғалімдері қысқа мерзім ішінде жаңартылған білім беру үдерісінің кіріктірілген білім беру моделдері аясында құрылудың ғылыми негіздерін меңгеріп, өздерінің кәсіби еңбегінде «Көркем еңбек» оқу пәніне арналған жаңа форматтағы оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау, жоспарлау, жүзеге асыру тәсілдеріне үйренуге дағдыланды.

Доцент К.А. Байдалиев

 

Пікір қосу

Қорғау коды
Жаңарту