Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
2018 жылға арналған институттың оқу-әдістемелік бағытындағы жұмыстары
05.01.2018 09:37

Презентация

Жоспар

1. Курстық шаралар

2. Курсаралық шаралар

3. Жұмыс және оны бағалау

4. Институт ұйымдастыратын байқаулар

5. Кері байланыс

1. Курстық шаралар

Тікелей қызметіне байланысты институт әрекеті курстық шаралар деп аталады және 2018 жыл үшін оның 3 түрі туралы жобалық ақпаратпен ғана бөлісе аламыз:

1) Жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған 296 сағаттық «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына
51 тыңдаушыны оқытамыз. Бағдарлама 2012-2015 жылдары  Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы деп аталған болатын, 2016 жылдан бастап «Тиімді оқыту мен оқу» деп аталады. Біліктілікті арттырудың бұл түрінің енгізілгеніне осы жылы 7 жыл толады екен:

Жылдар

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Тыңдаушылар саны

300

436

338

325

60

73

51

 

Бұрын оқу мерзімі 3 айлық, дәлірек айтқанда 4+4+4=12 апта болса, 2016 жылдан бастап 4+4+1=9 апта болды.

2) «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған 340 сағаттық «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасы бойынша 50 тыңдаушыны оқытамыз. Әр топта 25 тыңдаушыдан, 1 топ қазақша, 1 топ орысша болады. Біліктілікті арттырудың бұл түрінің енгізілгеніне осы жылы 4 жыл толады екен:

Жылдар

2015

2016

2017

2018

Тыңдаушылар саны

53

50

50

50

Оқитын апта саны

9

10

10

10

 

3) Ерекше курс түрі - «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған 640 сағаттық «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативті-тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде 18 тыңдаушыны оқытамыз.

1-модуль – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдеріне арналған қарқынды ағылшын тілі (Intensive English Language for  Subject Teachers) – 170 сағат;

2-модуль – мұғалімнің педагогикалық шеберлігі (Teaching Knowledge) – 220 сағат;

3-модуль – жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту әдістемесі (Teaching Knowledge Test Content and Language Integrated Learning (TKT CLIL) – 250 сағат. Соңғы модульді оқытуға шетелдік эксперт тартылады деп күтудеміз.

3) ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары 2016 жылы алғаш іске қосылған болатын.

Аталған курс түріне 2018 жылы 16 категория бойынша 2142 тыңдаушы қамтылады:

Бастауыш сынып мұғалімдері – 570;

Қазақ тілі пәні мұғалімдері – 262;

Орыс тілі пәні мұғалімдері – 195;

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері – 151;

География және жаратылыстану пәндері мұғалімдері – 60;

Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері мұғалімдері – 40;

Дүниежүзілік тарих және құқық негіздері пәндері мұғалімдері – 40;

Физика пәні мұғалімдері – 59;

Биология және жаратылыстану пәндері мұғалімдері – 63;

Химия және жаратылыстану пәндері мұғалімдері – 36;

Математика пәні мұғалімдері – 193;

Информатика пәні мұғалімдері – 55;

Экономика негіздері – 37;

Қазіргі әлемдегі Қазақстан – 36;

Графика және жобалау – 41;

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері – 304.

 

Облыс педагогтерімен атқарылатын жұмыс түрлерін үздіксіз жүргізуге мүмкіндік беретін қазіргі күндегі қуатты құрал – институт сайты. Zkoipk.kz cайтымыз іс жүзінде институт қызметін автоматтандыру дәрежесіне көтерілді. Курстық шараларды өткізуде топ тізімі, сабақ кестесі, фотогалерея, құпия сөзбен қорғалған курс материалдары, байқау сынақтары тапсырмалары, кіріс-шығыс сауалнамалары сілтемелері орналасқан сайт компоненттері институтымыздың қызметкерлеріне де, облыс педагогтеріне де көп пайдасын тигізуде.

2. Курсаралық шаралар

Осы күнге дейін институт барша білім беру ұйымдары тәрізді тікелей қызметтеріне қоса көптеген әдістемелік жұмыстарды да атқарып келді. Бұл бағыттағы жұмыстарды курсаралық шаралар деп атайды. Семинар, конференция, дөңгелек үстел, байқаулар тәрізді жұмыс түрлері педагог мәртебесін көтеру, озық тәжірибені облыс, республика көлемінде тарату мақсатына орай ұйымдастырылады. «Өрлеу» БАҰО» АҚ бас офисі басқарушылары 2016 жылда курсаралық шаралардың санын барынша азайтып, есесіне тікелей қызмет – курстық шаралардың сапасын көтеру міндетін қойды. Соңғы 5 жылдағы және 2018 жыл үшін сандық көрсеткіш төмендегі кестеде берілді.

Жыл

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Курсаралық шаралар саны

150

100

50

11

14

14

 

Курсаралық шаралардың бағыттарын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу

 

2012-2016 жылдары институт қабырғасында біліктіліктерін арттырған тыңдаушылар мен түрлі деңгейдегі курсаралық шараларымыздың қатысушылары сайт мүмкіндіктерімен танысып, жыл сайынғы циклограмма мазмұнына сай өз іс-әрекеттерін жоспарлап, біздің, конференция, семинар, байқауларымызға белсенді қатысуда. Сонымен қатар, «БАҰО «Өрлеу» АҚ басқармасы тапсырмасымен әр филиалға белгіленген бағыттармен тұрақты жұмыстану – педагогтерді іс-шараларымызға көптеп тартуға себеп болды. Сонымен қатар институт сайтынан циклограмма мазмұнымен қашан да таныса аласыздар.

 

3. Жұмыс және оны бағалау

Жұмыс сөзінің біздің қоғамымызда сан алуан мағынасы бар. Бір ғана педагогикалық қызметте оқу-әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысы, сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау жұмысы, тексеру жұмысы, жоба жұмысы, зерттеу жұмысы, дипломдық жұмыс, кандидаттық жұмыс, магистрлік жұмыс, әдістемелік жұмыс, семинар жұмысы деген тіркестер кездеседі. Тізбектей берсек олар өте көп. Иә, «жұмыс» сөзі, ұғымы біздің кеңістігімізді толық бағындырып алғандай!!! Қандай болса да жұмыс болған соң оны орындаушы немесе сырт көздің оған беретін бағасы да болады. Баға әрдайым жұмыс сапасын жетілдіруге көмектеседі. Олай болса, мұғалім жұмысының нәтижелілігі немен өлшенеді? Басты критерий қандай? Мұғалім жұмысының басты көрсеткіші – білім сапасы. Ол бағалау жүйесімен дәл өлшенеді. «4» пен «5»-ке оқитын оқушыларының үлесі педагог қызмет еткен жылдарда оң өсім беретін болса, мұғалім жұмысының нәтижесі де оң болғаны. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы нысаналы индикаторлардың ең бастысын назарларыңызға ұсыналық:

4.2 Нысаналы индикатор

Индикатор

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2015

(нақты)

2017

2019

2

Үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылардың үлесі

(оқытудың сапасы)

%

ҚР БҒМ

Әкімшілік деректері

58

62

70

Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2016 жылы – 58,4%, 2017 жылы – 63%-ті құраған.

 

Түпкі мақсат, яғни оқыту сапасын 70 процентке жеткізу жолында қаншама жүйелі еңбек, көп күш керектігі баршамызға аян.

Білім беру және әдістемелік ұйымдардың жұмысын бағалау

Жоғарыда мұғалім жұмысын бағалаудың басты көрсеткіштері туралы сөз еттік. Енді сол мұғалімдердің жұмыстарын басқаратын, үйлестіретін, қадағалайтын, көмектесетін тұлғаларды қарастыралық. Олар мектептердегі әдістемелік бірлестік жетекшілері, директор және оның орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйелері қызметкерлері. Егер мектептегі оқушы сабақтан үздік нәтиже көрсетіп, түрлі білім сайыстарынан жүлделі орын алса, мектеп оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл жинаса, ол кімнің жұмысының нәтижесі? Көп жағдайда жаңағы саналған тұлғалар өз есептеріне қосып, өз жұмыстарының нәтижесі ретінде көрсетеді. Әрине біз мұны қате дей алмаймыз. Жетістік – ортақ жұмыстың жемісі. Дегенмен ол жетістікті мұғалім еншісіне көбірек бұрып, біздер өз жұмысымыздың басты өлшеуішіне назар аударғанымыз жөн.

Мұғалім жұмысын қадағалайтын, қолдайтын, басқаратын тұлғалар мен ұйымдардың жұмысының нәтижелілігі немен өлшенеді?

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы нысаналы индикаторлардың келесі бір түрін Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

4.2 Нысаналы индикатор

Индикатор

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2015

(нақты)

2017

2019

2

Педагогтердің жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтердің үлесі

%

ҚР БҒМ

Әкімшілік деректері

49,8

52

54

БҚО бойынша бұл көрсеткіш 2016 жылы – 48,9%, 2017 жылы – 49,95%.

 

Олай болса, аталған сұраққа біздің жауабымыз: мұғалім жұмысын қадағалайтын, қолдайтын, басқаратын тұлғалар мен ұйымдардың жұмысының нәтижелілігі – олар қызмет атқарған жылдарда оларға қарасты педагогтердің санаттарының көтерілу санының өсуімен өлшенеді. Мұғалім санатының көтерілуі астарында қаншама еңбек, тер төгу жатқаны бәрімізге аян! Үнемі өз әрекетін жоспарлап, оқушыға білім мен тәрбие беріп, аяусыз тер төгетін ұстаздарымызды қашанда қоғамымыз қадірлейді. Себебі, олардың еңбектері абыройлы, қайырымды, игілікті жұмыс. Демек, әр педагог өзінің басты миссиясын түсініп, жұмысының басты өлшеуішін ұғынып еңбек етсе, оның жұмысының нәтижелі болатыны айқын.

4. Институт ұйымдастыратын байқаулар

Біліктілікті арттыру институтында өткізілетін байқаулар педагогтің кәсіби өсуіне үлкен мүмкіндік, күшті серпін береді. Мысалы бізде өткізілетін «Сабақтың үздік контенті» облыстық байқауы 5 жыл ішінде мектептегі барлық пәндер бойынша секциялар ашып, 633 облыс педагогін қамтып, 37 жеңімпаз бен 160 жүлдегерді дипломдармен, 436 қатысушыны куәліктермен марапаттады. Әдістемелік қызметте үздік педагогикалық тәжірибенің таратылуына ерекше мән беріледі. Тәжірибені кітапша түрінде баспа материалы өнімі тәрізді тарату – білім беру жүйесінде жақсы орныққан. Қазіргі уақытта контент баспадан шыққан мәтін түрінде ғана емес, аудио, видео нұсқаларда жасалады. Қазақстандық мұғалімдердің озық тәжірибелерін бейнесабақ түрінде таратудан төмендегідей оң өзгерістер күтеміз:

1) Бейнесабақ – қазіргі заман талабы болып табылатын қашықтан оқыту үшін аса қажет материал. Отандық өнімдердің әуесқой үлгілері байқау аясында жинақталып, болашақта кәсіби контент құрастыратын авторлар қалыптасады деп сенеміз.

2) Бейнесабақтар көмегімен оқыту тәжірибелерін ішінара енгізу арқылы, қазіргі балалардың интернетке, компьютерге, смартфондар мен планшеттерге деген жоғары қызығушылықтарын пайдалы арнаға бұру мәселесі шешілуі мүмкін.

3) Қазақ тіліне латын графикасын енгізу нәтижесінде тілімізде орфографиялық өзгерістер пайда болады. Орфографиялық өзгерістер орфоэпиямызға да әсер етіп, сөйлеу дағдыларымызда елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Бейнесабақта мұғалімнің сабақты түсіндіру барысындағы сөйлеу үлгісі жазбада сақталып, ақпаратты сақтаудың жаңа форматында болашақ ұрпаққа қашанда қолжетімді болады.

Бейнесабақта мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі, 40 (бұрын 45 минут) минуттық сабақ мазмұнында мұғалімнің оқушыға беретін ең маңызды ақпараттары бейнесабақ көмегімен 10 минуттан аспайтын уақытқа жинақталады. Байқауға қатысу үшін дайындалған бейнесабақтар мынадай жағдайларда пайдалы бола алады:

1) Оқушы жаңа сабақ мазмұнымен алдын-ала танысып, сабаққа жоғары дайындықпен келеді.

2) Оқушы денсаулығына байланысты мектепке келе алмаған кезде сабақ мазмұнымен өз бетінше шұғылдануға мүмкіндік алады.

3) Ауа-райы қолайсыздықтарына (төтенше жағдайлар, жауын-шашын, аяз, боран) байланысты мектепте сабақ тоқтатылған кездерде оқушы оқу үдерісін өз бетімен жалғастыра алады.

4) Үлгерімі төмендеген оқушылар сабақты қабылдау қабілеті күшейген кезде өз беттерімен бұрынғы сабақтарды қайталап түсіне алады.

2013 жылы – 14, 2014 жылы – 29, 2015 жылы – 52, 2016 жылы – 382, 2017 жылы – 156 педагогтің, барлығы 633 ұстаздың 2000-ға жуық бейнесабағының сілтемелері zkoipk.kz сайтымызда орналасты. Осылайша жаңа форматта жұмыстанған педагогтер отандық бейнеөнімдер саны  мен сапасын арттыруға көмек беретін болса, оларға байқаудың дипломдары мен қатысушы куәліктері біліктілік санаттарын арттыруға негіз бола алады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы 83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» құжатының «Аттестаттауды өткізу» 3-бөлімінің 20-3 пункті бойынша «...қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар мерзімінен бұрын жоғары санат алуға өтініш бере алады» - делінген. Бұрынғы жылдарда облыстық деңгейдегі байқау жетістіктері жоғары санат үшін ескерілмейтін болса, жаңа ережеде педагогтерге көп жеңілдік әкеліп, педагог мәртебесін арттыруға оң қадам жасалған.

Осылайша біздің институтымызда жыл сайын дәстүрлі өткізілетін «Сабақтың үздік контенті» байқауымыз облыс педагогтеріне біліктілік санаттарын арттыруға мүмкіндік береді, облысымыз үшін педагогтер құрамының сапалық көрсеткішін 2019 жылға дейін 54%-ке жеткізуге елеулі көмек болады.

«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» атты облыстық байқауымыз 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. 2014 жылы – 12, 2015 жылы – 31, 2016 жылы – 30, 2017 жылы – 25 мектеп, барлығы 98 мектеп байқауға қатысу нәтижесінде мектеп тарихының қызықты тұстары, жұмысының нәтижелері, жетістіктері, үздік тәжірибелері, цифрлық форматқа айналып, болашақ ұрпаққа пайдалы бейнеөнімдер жасалды. Барлық бейнеөнімдер youtube.com бейнехостингіне жүктеліп, сілтемелері институт сайтына орналасты. Байқау аясында әр қатысушы мектепте шығармашыл топ құрылып, фильм сценарийін жасап, барша қызықты фактілерді жинақтап 10 минуттық қызғылықты бейнеролик жасайды. Жасалған өнім сол ұжымға байқауға қатысу үшін ғана емес, өздеріне үнемі пайдаға асатындығымен құнды. Ол фильмді: 1) Мектебіне келген барша деңгейдегі қонақтарына көрсету арқылы, аз уақытта мол мағлұмат бере алады; 2) Мектеп оқушыларына көрсету арқылы, оқушыларға өз мектебі туралы терең де жан-жақты ақпарат ұсына алады; 3) Музейлеріне қоюларына болады, және жыл сайын табылған деректермен фильмдерін толықтырып, әрлеп отыруларына болады.

Байқауға қатысу үшін педагогтер облыс орталығына келу, орналасу тәрізді жол шығындары болмайды. Ең бастысы, байқау талабына сай роликтерін дайындап, контенттерін cloud-облако-бұлтқа жүктеп, сілтемелерін ұйымдастыру комитетіне белгіленген мерзімге жолдаса болғаны. Байқауды тікелей облыстық кезеңде өткізу арқылы, аудандық, қалалық білім бөлімдері қызметкерлерінің жоспарлы істеріне килігуден сақтанамыз, оларды өз аймағында байқау өткізу машақатына мәжбүрлемейміз. Әйтпесе, көптеген республикалық байқаулардың мектеп, аудан, облыс, республикалық деңгейлерді қамтып және ережелерін шұғыл түрде жолдай салуынан көп жағдайда әріптестеріміз мезі болатыны да рас.

«БАҰО «Өрлеу» АҚ БҚО филиалы БАИ ұжымында дәстүрге айналған осындай байқаулар облысымыздың педагогтер ұжымын кәсіби өсуге, болашаққа пайдалы бейнеөнімдер жасауға жетелейді.

5. Кері байланыс

Жыл сайын жасақталатын байқаулардың интерактивті жинақтары байқаулар туралы мол мағлұмат береді, барша сынға түскен бейнероликтердің арасынан өзіне қызықтысын таңдап таныса алады. Мақаламызда жазылған ойларға QR кодты сканерлеу арқылы оқырманымыз қашан да пікірін жазып, ойын білдіре алады. «БАҰО «Өрлеу» АҚ бас офисінің даму стратегиясында көрсетілген транспаренттілік ұстанымы біз үшін қашан да басты бағдар. Байқауларымыз ғана емес, басқа да педагогті кәсіби өсуге жетелейтін жұмыстарымыз институт сайтына орналасып, ашық пікір алмасуға әрдайым ашық болады.

Пайдаланылған интернет сілтемелер:

1) https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/obpazovanie/id-V1600013317/

2) zkoipk.kz

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин

 

Пікірлер 

 
0 #9 hilaryps69 2018-06-24 01:16 Updated project page:
http://sherry.blogs.telrock.org
Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 violarz60 2018-06-22 23:27 My chill project:
http://betsy.web.telrock.net
Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 bradleyel69 2018-04-07 09:26 Sexy photo blog
http://sexypic.erolove.in/?entry.anjali
fly squirrel pictures download porn on psp julia perez nude high school volleyball asses online school info
Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 tararx4 2018-04-03 20:30 Started up to date cobweb project
market apps free download watch free movies android netbeans android development best task list apps app to download movies free
http://sexgames.android.tobuy.in/?gain.morgan
android aplicaciones gratis espanol htc deisre google mobile android free tv application wallpapers and photos
Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Баймурзиева Алия 2018-01-17 11:00 Елдос Набиолаұлы осы мақалада, кәзіргі заманда маңызы зор ұстаз мәртебесі тақырыбын көтерді. Елбасымыздың биылғы жолдауында Ұстаздардың мәртебесін көтеруге тапсырыс бергенінде автордың зор еңбегі жалғасын тапқан. Ұстаздарға жаны ашып жұмысымыз бен күнімізді жақсартуға үздіксіз үлес қосып жатқаныңызға көп рахмет. Еңбегіңіздің жемісін көріп,биіктен көріне беріңіз!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Турегалиева Алтын 2018-01-17 10:55 Елдос Набиоллаұлы жұмыс және оны бағалау, білім беру жұмыстарының багалануы жаксы жазылған. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Куралай Шамуратова 2018-01-08 10:58 Елдос Набиболлаевич мақалаңызда институттың тынысы жан жақты ашылып жазылған. Әр педагог өзінің біліктілігін арттыру мен кәсіби өсуін жоспарлауға жақсы бағдар болары сөзсіз. Еңбегіңізге табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Динара Жумагалиева 2018-01-08 09:46 Елдос Набиоллиевич, рахмет! Мақалаңызда ұстаздар үшін пайдалы мәліметтер берілген. Институт сайты арқылы облыс педагогтері курстық және курсаралық шаралар туралы ақпарат алып 2018 жылы қатысушылар көбейеді деп сенеміз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Аскербек 2018-01-05 23:07 Елдос Набиоллиевичтің бүгінгі оқыған баяндамасы облыс мектептерінің басшылары үшін маңызды болды деп ойлаймын. Бұған дəлел, презентация мазмұнымен толығырақ танысу мақсатында тыңдаушылар көптеген слайдтарды фотоға түсіріп, презентацияны флешкаларына көшіріп алуын айтуға болады. Тағы бір жетістік - институтымызға облыстық əдістемелік кабинеттің табыстаған Алғыс хаты. Құттықтаймын! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу