Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары» облыстық онлайн-семинар
14.02.2018 19:11

2018 жылдың 14 ақпанында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру.

Міндеттері:

  • рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында  қосымша білім беру педагогінің қызметін ұйымдастыру;
  • қосымша білім беру педагогінің қызметін ұйымдастырудың заманауи түрлерін қарастыру;
  • қосымша білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру педагогтерінің  озық іс-тәжірибелерін насихаттау.

Онлайн-семинарға «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, бөлім қызметкерлері, облыстық, қалалық, аудандық мектептен тыс ұйымдардың директорлары мен қосымша білім беру педагогтері – барлығы 230 адам қатысты.

Семинарда Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында: қосымша білім беру жүйесінің заманауи жағдайы, қосымша білім беру мазмұнын жаңарту, қосымша  білім  беру  жүйесінде  оқушыларды кәсіби бағдарлай оқыту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін  дамытудың заманға сай жаңаша бағыттары және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Семинар жұмысы Сексенбаева Сайра Кировна -«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО бойынша БАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысының баяндамсымен басталды. Погодин Сергей Михайлович – Орал қалалық №1 БСМ директоры, ө.ғ.к., Фомин Виктор Павлович – облыстық жасөспірімдер туризмі және экологиялық орталықтың директоры п.ғ.дк., Есеналиев Руслан Амангельдиевич - Ақжайық ауданы балалар шығармашылығы орталығының директоры, Сулейменова Газиза Бекжановна - Жанақала аудандық мектеп тыс жұмыс орталығының директоры, Бижанов Акан Маликулы - Орал қалалық Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі, Куанбаева Жанар Талгатовна - Бөрлі аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тауова Жансая Аблаевна - Орал қалалық мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері, Кодаров Нуржан – Орал қалалық №32 ЖОББМ қосымша білім беру педагогі семинарда қарастырылған бағыттар бойынша ой қозғап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар  жұмыстарының қорытындысында ұсыныстар қабылданды.

Барлық қатысушыларға қатысушы куәлігі берілді.

Сексенбаева Сайра Кировна,

тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы

 

Пікірлер 

 
0 #7 Гулсара 2018-02-21 15:27 БҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары"тақырыбында өткізген онлайн -семинары облыстық "Өрлеу"БАҰ-ның ұйымдастыруымен ,жоғарғы деңгейде өтті. Осындай семинарлардың берері көп, тәжірибе алмасуда пайдасы зор.Біздің Бөрлі ауданының Қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстарымен таныстырып, басқа қала, аудандардың жұмыстарымен, жетістіктерімен таныстық.Онлайн - семинарды ұйымдастырған Сексенбаева Сайра Кировнаға алғысымызды білдіре отырып, жұмысына шығармашылық табыс тілейміз! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Борашева С.Ж.. 2018-02-21 15:02 БҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары" тақырыбында онлайн-семинар өткен болатын. Онлайн-семинары жақсы деңгейде ұйымдастырылып ҚББҰ-ы педагогтары үшін өте мағыналыда мақсатқа және шығармашылық ізденістерге толы семинар болды. . Онлайн-семинардың ҚББҰ-ы үшін тағлымы мол сондықтан осындай семинарлар көбірек ұйымдастырылса жаңа бағыттағы шығармашылық жұмыстар нәтижеге бағытталады деп есептеймін Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Cексенбаева А.Т. 2018-02-21 14:46 Сексенбаева Сайра Кировнаның жасаған баяндамасы өте жақсы баяндалды.Жоспарлы жасап жатқан ауқымды жұмыстары,болаш аққа бағдар жасауда,ұстазда рды жаңа бағытта талпындыру мақсатында жігер беруде.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында білім саласында болып жатқан жаңалықтарды нақты айтып өтті.Онлайын-семинардың шығармашылық тәжірибелер бөлісуде мәні зор.Онлайн-семинарды жақсы деңгейде ұйымдастырған Сайра Кировнаға үлкен алғысымды білдіремін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Cулейменова Г.Б. 2018-02-21 13:05 БҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары"тақырыбында өткізген онлайн -семинары алғаш рет облыстық "Өрлеу"БАҰ-ның ұйымдастыруымен жақсы деңгейде өтті.Онлайн -семинардың ҚББҰ-ның педагогтарына шығармашылық жұмыстары бағытында тиімділігі мен пайдасы зор.Онлайн- семинарда инновациялық білім мазмұны, жаңартылған білім мазмұны мен оқу -тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері,АКТт.б.техникалар арқылы,инкллюзи вті,моделді,сын и т.б.оқытыудың әдіс -тәсілдері көрсетіліп қалалық МТЖО,қалалық саз,туризм орталықтарының, Ақжайық,Теректі аудандарының жұмыс бағыттарымен танысып болашаққа бағдар алдық. Іс-тәжірибелер алумасу үшін онлайн-семинардың мазмұны өте зор.Онлайн-семинарды жақсы деңгейде ұйымдастырған Сайра Кировнаға үлкен алғысымды білдіремін.Жаңа бағытта ұйымдастырылған онлайын -семинарлар жиі болып тұрса шығармашылық жұмыстар оң нәтиже бермек. Баршаңыздың жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып,Жаңақала МТЖО-ның баяндамасына пікір білдірген әріптестерге алғысымды білдіремін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Тлекешева А.Е. 2018-02-21 12:11 БҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары"тақырыбында өткізген онлайн -семинары жақсы деңгейде ұйымдастырылды.Онлайн -семинарға аудандық, қаланың ҚББҰ-ның педагогтары қатынасып өз ойларымен алға қойған мақсат,міндетте рімен бөлісті.Онлайн -семинарда Ақжайық ауданы,Теректі ауданы және қаланың ҚББҰ-ның және Сайра Кировнаның жасаған баяндамалыры нақты нәтижеге бағытталып анықта мазмұнды түрде жеткізілді.Осындай онлайн - семинарлар жиі болып тұрса тәжірибе алмаса отырып шығармашылық жұмыстар мен жаңа форматтартағы жұмыстар нәтижеге бағытталып жетістіктеріміз молаяр еді.Онлайын -семинрады ұйымдастырған Сайра Кировнаға үлкен алғыс айта отырып,шығармаш ылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Жарасбек 2018-02-21 11:11 Бүгінгі "Рухани жаңғыру" тақырыбындағы қосымша білім беру семинары өте жоғарғы деңгейде өтті.Сексенбаева Сайра Кировнаға жәнеде басқада әріптестерге алғысымызды білдереміз, осындай іс тәжрибеңізбен бөліскеніңіз үшін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Лаззат 2018-02-19 10:58 БҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары" тақырыбында онлайн-семинар өткен болатын. Онлайн-семинары жақсы деңгейде ұйымдастырылған . Онлайн - семинарға аудан, қала мектептен тыс ұйымдары және ЖОББМ қосымша білім беру педагогтері қатысып, ой бөлісті. Мақсаты: әр қазақстандық азаматтардың санасы ісінен озып,туған елі мен жері үшін оықп, білім алып, еңбек етіп,озық ісімен дәлелдеп, елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосуға үлес қосу, сол жолда өзіндік қолтаңба қалдыру.Біздер,"Переметный ауылы Зеленов аудандық білім беру бөлімінің балалар саз мектебі" МКҚК ұжымы онлайн-семинарды сілтемеге кіріп, мектеп директорының кабинетіндегі компьютерден бизнеске арналған скайп онлайнмен қарап, тыңдадық және жақсы әсер алдық.Сексенбаева Сайра Кировнаның баяндамасы нақты, түсінікті жасалған. Баяндамада көрсетілгендей, Теректі ауданының Подстепный балалар саз мектебінің ЮНЕСКО-ға тіркелгенін естіп, қуанып қалдық.Туризм және экология (өлкетану)бағыт ындағы облыстық ҚББҰ ішінде Ақжайық ауданы 1-ші, Зеленов ауданының 2-ші орындардан, яғни алдыңғы қатарда тұрғаны үлкен мақтаныш. Бард әндері бойынша да біздің Зеленов ауданы алдыңғы қатарда. Өйткені, бард әндері біздің балалар саз мектебінде таңдау пәні ретінде жүргізіледі. Жетекшісі: Цыганов Александр Александрович. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі "Шырқайды жастық" байқауының аудандық, облыстық кезеңіне біздің мектептің оқушылары қатысып,жүлделі орындарға ие болуда. Сондықтан, азды-көпті болсада үлес қосып, еңбектеніп жүрген біздің ұжымның (вокал, дауыс қою, хор, баян-аккордеон пәні, т.б.) жұмысына да оң баға берер едім. Жаңақала ауданынан әріптесіміз Ғазиза Сүлейменованың жасаған баяндамасы, теория мен іс -тәжірибені ұштастырып, балалардың қолмен жасаған жұмыстарын саяхат-көрме жасап,көрсетуін ен кәсіби шеберліктің басымдығын ұғындық. Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінің жұмысынан фестиваль-байқаулар, лекция-концерттерді өткізуді дәстүрге айналдырғанын, Жаңақала ауданы балалар саз мектебімен өнердегі бірлестіктің бастау алғанын, Орал музколледжімен, Ақтөбе университетімен , РФ Бузулук, Саратов ЖОО-мен серіктестіктің жұмысының жүйелі жүргізетіндігін , қазақ және орыс драма театрларымен байланыстың, "Татулық" клубының жұмысының да дұрыс жолға қойылғандығына тәнті болдық. Ақжайық ауданынан "Жақсымен жарты сағат" жобасының қолға алынуы да көңілімізді бір серпілтіп тастады. ҚББҰ педагогтерінің еңбектері ұшан-теңіз. Баланың ойлауы мен қиялы өте ұшқыр, арманы асқақ, олардың жан-дүниесі де сондай нәзік, әрі икемді. Олар ҚББҰ-ына бос уақыттарын тиімді, әрі сапалы өткізу үшін, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін асығып келетіні ащы шындық. Сондықтан, біздер, ҚББҰ педагог қызметкерлері балалар мен ата-аналар үшін көрсетілетін қызмет сапасын жақсартып, осындай онлайн-семинарларына үнемі қатысып, іс-тәжірибемізбен бөлісуге тиістіміз. Қоғам санасын түбегейлі өзгертуге белсенді атсалысу-басты міндет. ҚББҰ педагогтерінің еңбектері осындай шаралардан бастау алады. Онлайн-семинарды жақсы деңгейде ұйымдастырған Сайра Сексенбаеваға үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңыздың жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.