Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи публицистикалық кітабының таныстырылымы өтті
15.02.2018 09:27

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» - да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи публицистикалық кітабының таныстырылымы өтті.  Шараға институт басшылығымен қатар бөлім басшылары, аға оқытушылар қатысты.

Шара барысында туындының электронды нұсқасы жүктеліп, QR-коды жасалынды.

Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады.

Кітаптың алғы сөзінде «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының бірінде мен альпинистер тобымен Алатаудың Мұзарт шыңын бағындыруға шықтым. Шың басына тігілген, тау желінің күшімен құлаш жая желбіреген байрақтың әсері әлі күнге менің есімде... Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық» деген Ел Президентінің тебіреніске толы ойы, тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектің дәлелі.

Шара барысында сөз алған директордың орынбасары Е.Н.Сафуллин  «Елбасының бұл еңбегі бұрынғы еңбектерінен өзгеше. Мұнда қазақ мемлекетінің 30 жыл өмірі қамтылған. Аталмыш еңбектің басты құндылығы сол 30 жыл тарихымызды жүйелеп, барлық сала бойынша әр кезеңді үш дәуірге бөліп қараған. Сондықтан бұл туындыны Тәуелсіздік кезеңінің тарихи туындысы деп айтар едім» деді.

2017 жылды «Жасампаздық дәуірінің басы» деп бағалаған ел Президенті тұтас бір ұлттың тағдырын тарихи туындыға тізбектеген. Кітапта азаттықтың ақ таңы атқан сәттен бастап осы күнге дейінгі Қазақстанның жүріп өткен жолы толық   тізбектелген.

Шара соңында институт қызметкерлері аталмыш кітапты біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларына таныстырып, кітаптың QR-кодын барлық тыңдаушыларға таратуды ұсынды. Кітапхана мамандары бұл ұсынысты қабыл алып, ағымдағы уақытта жүріп жатқан курс тыңдаушыларына тарихи туындыны насихаттау жұмыстарын бастап кетті.

#кітапханаөрлеу #өрлеукітапхана #эранезависимости #тәуелсіздікдәуірі #Елбасыкітабы #тарихитуынды #президенткітабы

Кітаптың электрондық нұсқасына сілтеме: http://personal.akorda.kz/images/file/38c124e6864be4e165f7b53504281d9e.pdf

 

Пікірлер 

 
0 #6 Рысханым 2018-03-02 10:32 Институт ұжымы мен курс тыңдаушыларына үнемі жаңа ақпарат ұсынып,"Бірге оқимыз" жобасын да тұрақты жүзеге асырып келе жатырған әріптестеріме мың алғыс!
Елбасының туындысы оқырмандарға еш қиындықсыз жетіп, еліміздің тарихын терең тануына септігін тигізеді деген сенімдемін
Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Маншук 2018-02-22 18:32 Іргесі берік,экономика сы қуатты, ынтымағы жарасқан еліміздің тәуелсідік жылдары тарихы туралы оқып түсінуге мүмкіндік беретін төрт бөлімнен тұратын кітаппен таныстырған Елдос Набиоллиевич, Индира Маратқызы мен Айгүл Асхарқызына алғысым шексіз.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Жемис 2018-02-16 11:05 Еліміздің жетістіктері мен даму сатысын білу мақсатында қолдануға болатын нақты ақпарат. Электронды нұсқасы арқылы оқушылар қажетті мәліметтерін ала алады деп ойлаймын Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Болатбек 2018-02-16 11:04 Жалпы мағыналы шара деп есептеймін.Аталған кітаптың Қазақстанның жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа насихаттауда маңызы өте зор. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Разакова Асемгуль 2018-02-16 11:02 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы
Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымына алғыс білдіремін. Көптеген қажетті және қызықты мағлұмат алдық. Кітаптың электронды нұсқасын OR code арқылы ұялы телефонға көшіріп алдым. Кураторымызға рахмет
Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Аскербек 2018-02-16 10:41 Мазмұнды іс-шара болды. Ұйымдастырушы кітапханашыларғ а рахмет! Кітаптың электронды нұсқасына Qr code арқылы қол жеткізуге болады. 31-топ тыңдаушылары электронды нұсқасын жүктеп алды. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу