Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Педагог-психологтер көшпелі тәжірибелі сабақтарға қатысты
19.02.2018 12:11

2018 жылдың 12-23 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында мектептердің педагог-психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектептері мен колледждерден  23 педагог-психолог қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС  мақсаты мен міндеттері:

  • Мектептегі күш көрсетпеу шараларын қалыптастыру жолдарын тәжірибеде көрсету;
  • Ұзақмерзімді, ортамерзімді, қысқамерзімді психологиялық қызметін жоспарлау үдерісімен танысу;
  • Педагогикалық үдеріске қатысушыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу бойынша  іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 26 ақпан күні Орал қаласының № 42 «Ақ ниет» гимназиясында «Мектептегі күш көрсетпеу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында  өткізілді. Көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында аталған мектептің педагог-психологтері Л.С.Бисенгалиева  тыңдаушылармен бірге «Мектептегі буллинг. Мектептегі күш көрсетпеу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында рөлдік ойын, 11 сынып оқушыларымен «Бақытты балалық шақ» пікірталас және «Мектепте психологиялық қызметті жоспарлау» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 42 «Ақ ниет» мектеп гимназиясының директоры Е.Ж.Темірғалиевке  және педагог-психолог Л.С.Бисенгалиеваға  институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Мерхат Саматович 2018-02-27 10:21 №42 Ақ ниет гимназия ұжымына көп көп рахмет. Мектеп психологы Ләззат Сәрсенғалиқызын ың жұмысының жүйелігін көрдік. Мектептегі буллингтің алдын-алу тақырыбы бойынша оқушыларға тың ақпарат берілді. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Куралай Шамуратова 2018-02-21 10:10 КТС арқылы курстың практикалық бөлігі қамтылды. Мектептегі буллингтің түрлері психолог Ләззат Сәрсенғалиқызын ың өз тәжірибесін талдау нәтижесі арқылы түсіндіргені ұтымды болды. Психологтің оқушылармен тығыз байланыста,псих ологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жолға қойылғанын көрдік. Шығармашылық табыс, үлкен алғыс білдіреміз. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу