Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
01.03.2018 13:20

2018 жылдың 1 наурызында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыкалық жетекшілердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы МдҰ музыка жетекшілеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша іс-тәжірибелік сабақ көрсетілді.

Курс тыңдаушылары аталмыш бөбекжайдың музыка жетекшілері Темирова Эльмира Үмбеткалиевна «Қазақ халқының ұлттық аспаптары», Кенжегалиева Бибинур Бахитовна «Көңілді саз әлемі»  тақырыбында орта топ бүлдіршіндерімен оқу қызметін тамашалады.

Сабақтар әдістемелік жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теория мен практиканың ұштасқанын, үш тілділік, АКТ құрылғылар арқылы интерактивті әдіс-тәсілдер қолданылған сабақты көрді.

Ұжымның тәрбиешілері Иманбаева Арайлым Бауыржанқызы және Хайрова Жеміс Албековналар «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты орта топ арасындағы бүлдіршіндеріне іс-шарасын өткізді.
Сонымен қатар №44 бөбекжайының директоры Исказиева Акшай Макуповна музыкалық жетекшілердің оқу қызметі мен қатар инклюзивтік топтардағы немесе балаларға компьютерлік сауаттылықты үйретудегі робототехника қосымша оқу қызметіндегі кіріктірілген жұмыстарымен таныстырып, демонстрациялық түрде көрсетті.

Ұжым педагогтері әріптестеріне тәжірибелік кеңестерін беріп,  оқу материалына қажетті ресурстарымен бөлісті.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Жаньярова Г.Е 2018-03-02 10:53 44 "Мерей"бөбекжайында өткен семинар өте жоғары деңгейде өтті.Музыка жетекшілердің ұйымдастырған ашық оқу қызметтері керемет мақматтарына жетті деп ойлаймын.Көп тəжірибе алдық.Мерей ұжымына үлкен рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Наурзгалиева Жанара 2018-03-02 10:51 №44 "Мерей" бобекжайында откизилген ис шаралар,оку кызмети жогаргы денгейде отти. Музыка жетекшилерине шыгармашылык табыстар тилеймин. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.