Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды
02.03.2018 17:23

2018 жылдың 2 наурызында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған біліктілікті арттыру курс аясында Орал қаласының №46 «Ақжайық» бөбекжайы базасында көшпелі тәжірибелі сабақ ұйымдастырылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыкалық жетекшілердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы МдҰ музыка жетекшілеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша іс-тәжірибелік сабақ көрсетілді.

Курс тыңдаушылары аталмыш бөбекжайдың музыка жетекшісі А.С.Жумагалиева «Мульткейіпкерлер қонақта»  тақырыбында орта топ бүлдіршіндерімен  оқу қызметін тамашалады.

Орал қалалық №25 «Снежинка» бөбекжайының музыка жетекшісі О.Н.Аминова «Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық сабақта музыкалық-дидактикалық ойындарды пайдалану» тақырыбында шебер сынып өткізді.

Сабақтар әдістемелік жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теория мен практиканың ұштасқанын, үш тілділік, интерактивті әдіс-тәсілдер, фонотеканы тиімді қолданылған сабақты көрді.

Ұжым педагогтері әріптестеріне тәжірибелік кеңестерін беріп,  оқу материалына қажетті ресурстарымен бөлісті.

 

Пікір қосу