Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мастер класс өткізді
03.03.2018 09:45

2018 жылдың 2 наурызында  Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық университетінде «Адами капиталды дамыту-Қазақстан қоғамын жаңғыртудың  негізі» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді. Конференция аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Тиімді оқыту» бағдарламасының тренері, педагогика ғылымдарының магистірі А.М.Абишева «Оқу мен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында мастер класс өткізді.

Мастер класс барысында қатысушыларға оқу мен оқытудағы белсенді әдістер - тәсілдер  туралы түсінік берілді, топқа  бөлу және топтық жұмысты ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері таныстырылды, практикалық тапсырмалар арқылы оқыту мен оқудағы белсенді әдістер көрсетілді. Оқу мен оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін пайдаланудың тиімділігін талқылау арқылы практикалық тұрғыда маңызы жайлы ақпарат алуға жағдай жасалып, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасылды. Мастер класс соңында Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық университеті әкімшілігі мен қатысушылар  жұмысты тартымды және мазмұнды өткізгені үшін Алина Муратқызына алғыс білдірді.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Бисекова Мерей 2018-04-08 19:52 Алина Муратовна сізге шығармашылық табыс тілейміз. Еңбегініз жаңа берсін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Маншук 2018-03-13 16:52 Алина Муратовна! Қатысушылардың бірлесе жұмыс істеуі, тәжірибе алмасуы, оқу мен оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер туралы ортақ түсінік қалыптастыру арқылы оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімім мол. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу