Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Интернет-конференцияның мақалаларын талқылау
25.04.2018 10:33

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 2018 жылдың 1-31 наурыз аралығында өткен «Білім беру мазмұны жаңартылған бағдарламалары бойынша бастауыш сыныптарда оқытудын психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция мақалалары бойынша сәуір айы бойы талқылау жұмыстары жүргізілді. Интернет-конференцияның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мәселелері бойынша бастауыш сыныпта оқытатын педагогтермен тәжірибе алмасу.

Интернет-конференцияның материалдарына талқылау жүргізу үшін http://zkoipk.kz/2018seminar.html сайтында арнайы бет ашылды, шараға жолданған мақалалар бойынша қатысушалар наурыз-сәуір айлары аралығында пікір алмасып, талқылауға мүмкіндік алды. Интернет-конференция нәтижесінде 46 мақалаға 144 пікір жазылған. Барлық мақалалар оқылып, кем дегенде 1 пікір жазылды. Ең көп пікір (34 пікір) Шаған ЖОББ мeктeбінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мөлдір Жанболатқызы Рахимжанованың «Сапалы білім - саналы ұрпақ кепілі» тақырыбындағы мақаласына жазылған, ал Егіндібұлақ жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Людмила Александровна Кирюшчева ең көп (11 пікір) пікір жазған мұғалім болып табылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды, әр қатысушының жеке поштасына «Қатысушы куәлігі» жіберілді.

Ұйымдастыру комитеті

 

Пікірлер 

 
0 #10 zamzaqul.zhanqalieva 2018-06-17 15:41 Курс барысында сабақ жоспарын жаңа форматта құруды, белсенді оқу тәсілдерін және сабақ мақсатын құруда үйрендім. "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының тренері Габбасова Багдагул Беккалиевнага алғысым шексіз. Алған білімді еліміздің білімді болашағының дамуына қолданамын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Аскербек Турланович 2018-04-26 13:22 Заманауи тәсілдегі ұзақ мерзімді іс-шара - қатысқан облыс педагогтеріне пайдалы болды деп ойлаймын. Ұйымдастырушыла рға сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Шолпан Жуменова 2018-04-26 13:08 Алдағы уақытта осындай шаралар ұйымдастырыла берсін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Зулкашева Шынар 2018-04-26 12:26 Благодарим учителей за активное участие в работе интернет-конференции. Учителя русского языка, работающие в начальных классах, представили статьи по использованию активных методов, отразили применение критериального оценивания на уроке, предложили идеи по применению различных методов и приемов. В статье учителя отметили эффективность обновленной программы в развитии коммуникативных навыков. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Шамуратова Куралай 2018-04-26 10:56 "Білім беру мазмұны жаңартылған бағдарламаларды енгізу жағдайында мектеп психологінің рөлі" атты облыстық конференцияның төртінші секциясына жаңартылған білім беруге көшу жағдайында психологиялық диагностика, оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, танымдық үдерістерін дамыту аспектілері, сабақтастық мәселелері сияқты өзекті тақырыптарға мақалалар ұсынылған. Мақалаларда авторлар білім саласындағы реформаның оқушылар дамуы үшін тиімділігі мен ықтимал кедергілердің алдын алу жұмыстарына ұсыныстар, өзіндік көзқарастарын білдірген. Конференцияға белсенді қатысқан барлық әріптестерімізг е еңбектеріне шығармашылық шабыт пен табыстар тілейміз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Валентина 2018-04-26 10:27 В работе конференции представлены очень интересные статьи, опубликованы также материалы с анализом личного опыта по работе в системе обновленного содержания образования. Организация подобных конференций способствует обобщению опыта, а также знакомству с мнением коллег по вопросам изменений в современной системе образования, получению новой информации для себя, формированию определенных выводов и взглядов. Очень приятно было принять участие. Спасибо организаторам конференции! Желаю творческих успехов!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Тулпан 2018-04-26 10:26 Облыстық ғылыми-тәжірибелік интернет конференция қатысушылары білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша көптеген құнды пікірлерін білдіріпті, тәжірибе барысында кездескен қиындықтар мен жаңартылған білім мазмұнының пайдалы тұстарын ұтымды ашып, анық көрсетіпті, рақмет! Мақалалар мазмұны ұнады, ұйымдастырушыла рға рақмет! Еңбектеріңіз жана берсін, ұстаздар!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Динара Жумагалиева 2018-04-26 10:24 Институт сайтында интернет-конференцияның платформасын жасақтақтаған Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Самат Сағатқалиұлы Шагировқа және ұйымдастырушылы қ жұмыстарына үлес қосқан үшін Инновациялық технологиялар және ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы зертханашысы Шолпан Амангелдіқызы Жуменоваға ризашылығымызды білдіреміз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Динара Жумагалиева 2018-04-26 10:02 Елдос Набиоллаұлы, жақсы идея, рақмет! Шынымен де, конференция қатысушыларының бірі, іс-тәжірибелерін жариялау үшін өз жұмыстарын жолдаған болса, екіншілер, интернет-конференцияның 4-5 мақаласын оқып,"мақала ұнады", "жақсы мақала" деген пікірлермен бөлісті, ал үшіншілер, мақалалармен танысып мазмұнды талдау жасаған. Сондықтан "Қатысушы куәлігі" мәтінінде атқарылған жұмыстары көрсетілуі керек. Осы идеяны өткізілген интернет-конференциямызд ың ұсыныстарына енгіземіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Елдос Набиоллаұлы 2018-04-25 18:01 Алдағы интернет-конференциялары мызда қатысушының атқарған жұмысына орай түрлі статустағы сертификаттар дайындау керек деген қорытындыға келдік. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.