Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Дефектолог, логопед, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы
06.09.2018 12:17

3-7.09.2018 ж.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақстан Республикасында арнайы (түзету) білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қазақ және орыс тілінде дефектолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстар өтті.

3-7.09.2018 ж.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақстан Республикасында арнайы (түзету) білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қазақ және орыс тілінде дефектолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстар өтті.

Барлығы 60  тыңдаушы қатысты. Курс мақсаты:  арнайы (түзету) білім беру жағдайында мамандардың когнитивтік және тәжірибелік, тұлғалық-мотивациялық дайындығын қалыптастыру және тәжірибелік кәсіби құзыреттілігін дамыту. Сабақтар пікірталас, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер, мәселені бірлесіп талқылау интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе алмасу бағытында №10 ЖОББМ педагог-дефектологі Г.А.Абдолова «Дефектолог қызметіндегі түзету жұмыстарының бағыттары» тақырыбы бойынша практикалық сабақты және логопед  Н.М.Габдолова «Сабақ жоспарындағы түзету жұмыстарының бағыттары» тақырыбы бойынша шеберлік сынып өткізді. Сонымен қатар, №3 ЖОББМ дефектологі С.М. Бикмаева «Разработка и реализация индивидуального образовательного маршрута для ребенка с ограниченными возможностями в условиях специального (коррекционного) и  инклюзивного образования» және логопед Н.В. Панова «Индивидуальный и дифференцированный подход как педагогический принцип в работе с детьми с особыми образовательными потребностями. Планирование учебной программы» тақырыбында тәжірибемен бөлісті. Курс барысында тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, мазмұнды өз практикасына бейімдеуге және алған біліктерін аудиториялық практикалық сабақтарда сыннан өткізуге мүмкіндік берілді.

 

Пікірлер 

 
0 #8 Әлия Бақытқызы 2018-09-13 11:59 Топтастарым, жарқын жүзді,
Жаңаша білім алдық ізгі.
Бала жанын тез ұғынып,
Кездесейік жылда өстіп
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #7 Әлия Бақытқызы 2018-09-13 11:51 Сабырлы, мінезге бай Құралайсыз,
Ақ ниетті өзіңізге арнағанбыз.
Білімді ұштастырып тәжірибемен,
Əрқашан биіктерден көрініңіз.
Мейірімділік төгілген,
Әріптесін түсінген.
Мың алғыс айтам,
Шын жүректен жарып шыққан көңілден!!!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Сагингалиева С.С. 2018-09-06 14:11 Арнайы педагогтарға арналған білім жетілдіру курсын ұйымдастырғанда рыңыз үшін рахмет!Өз тәжірибемде қолдануға әдіс-тәсілдердер, құжаттар,жаңарт ылған бағдарлама,АКТ т.б бағытында өз білімімді жетілдірудемін, рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #5 Анаргул 2018-09-06 14:11 КУРСКА КЕЛГЕНИМЕ КУАНАМЫН БӘРІДЕ ҰНАДЫ.КУРСТЫҢ КУРАТОРЫ Д.ЖУМАГАЛИЕВАГА ЛЕКТОРЫ Қ.ШАМУРАТКЫЗЫНА ЖӘНЕ Ш.МУЛКАЙЕВНА АЛҒЫСЫМ ШЕКСИЗ.РАХМЕТ. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Жардемалиева Эльнора 2018-09-06 13:55 Осы курстан өзіме жаңартылған бағдарлама бойынша көптеген мәліметтер алдым. Курсқа келгеніме қуанамын Осы курсты ұйымдастырған куратор Д.Шыңболатқызына, Қ.Шамуратқызына алғысым шексіз!Барлық ұжым мүшелеріне шығармашылық табыс тілеймін!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Бактгуль 2018-09-06 13:55 Осы болып жатырған курс жетекшілеріне.курсты өтуіне мұрындық болған басшыларға алғысымыз шексіз. Осындай біліктілікті арттыратын курстар болып тұрсын. Рахмет көп-көп! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Лунара 2018-09-06 13:55 қыркүйек айының 3-7 аралығында "Өрлеу" БАҰО ұйымдастыруының өткізілген дефектологтарға арналған курсқа қатыстым. Курстың кураторы Д.Жумагалиеваға және лекторы Қ.Шамұратқызына алғысымды білдіргім келеді Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Лунара 2018-09-06 13:54 қыркүйек айының 3-7 аралығында "Өрлеу" БАҰО ұйымдастыруының өткізілген дефектологтарға арналған курсқа қатыстым. Курстың кураторы Д.Жумагалиеваға және лекторы Қ.Шамұратқызына алғысымды білдіргім келеді Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.