Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Кәсіби желілік қоғамдастық негізінде педагог көшбасшылығын дамыту» әдістемелік нұқсаулығы
15.09.2018 09:27

Біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп мұғалімдерінің көшбасшылығын дамытуда қазіргі педагогикалық қауым арасында кең тараған кәсіби желілік қоғамдастықтардың ролі ерекше. Бұл жағдайда педагогтердің көшбасшылық икемділіктері дамып, кәсіби желілік қоғамдастық арқылы өзара тәлімгерлік ынтымақтастық негізде біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Жұмыс жоспарына сәйкес «БҚО ПҚБАИ» инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Хайруллинаның «Кәсіби желілік қоғамдастық негізінде педагог көшбасшылығын дамыту» тақырыбында әдістемелік нұқсаулығы (ISBN 978-601-7885-51-9) баспадан шықты.

Әдістемелік нұқсаулықтың «Педагогтің көшбасшылығын дамытудағы кәсіби желілік қоғамдастықтың мәні» атты бірінші бөлімінде педагог көшбасшылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық ерекшелігі тeopиялық тұpғыдa негізделіп, оны кәсіби желілік қоғамдастық арқылы дамытудың жолдарына талдау жүргізілген. Бұл бөлім мазмұнында көшбасшылық, педагогтің көшбасшылық дағдысы, көшбасшылық формалары қарастырылды және желілік қоғамдастық, оның түрлері теориялық тұрғыда зерделеніп, мұғалімдердің көшбасшылық икемділіктерін дамытудағы ролі талданған.

«Кәсіби желілік қоғамдастық негізінде мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары» атты екінші бөлімде мұғалімнің көшбасшылығын кәсіби желілік қоғамдастық арқылы дамытуда біліктілікті арттыру жүйесіндегі курстық және курсаралық жұмыстарда педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін дамыту бағытында қолданатын бағдар карталары, интернет желісінде мұғалімдердің тәжірибесін таратуға мүмкіндік беретін сайттардың атауы ұсынылған. Сонымен қатар мектепішілік кәсіби желілік қоғамдастықта мұғалімдердің белсенділігін арттыруға негіз болатын көшбасшылығын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша мысалдар келтірілген.

Тақырыпқа сәйкес логикалық және мазмұндық тұрғыда жақсы құрылымдалған әдістемелік нұқсқаулық желілік қоғамдастық негізінде мұғалімдерінің көшбасшылығын дамытудың үлгілі тәжірибелік материалы ретінде тиімді оқыту (деңгейлік) курстар мен білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сертификатталған педагогтерге, біліктілікті арттыру институтының тыңдаушыларына ұсынылады.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.