Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Филиалдың базалық мектептер жұмысына қатысуы
17.09.2018 09:19

2018 жылдың 12 қыркүйек күні Орал қ №46 ЖОББМ базасында қалалық «Озат тәжірибе мектебінің» алғашқы отырысы өтті. Отырысқа қала мектептерінің мұғалімдері, ҚӘК әдіскері Ф.Б.Галиева, «Өрлеу» БАҰО филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, тренер, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.М.Зулкашева қатысты.

«Озат тәжірибе мектебінің» жұмысын  №46 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.К.Турдашева «Танысу» тренингінен бастады. Тыңдаушылар өз өміріндегі ең жарқын сәттерді еске алып, бір-бірімен жақын танысты.

«Өрлеу» БАҰО филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, тренер Ш.М.Зулкашева «Грамматика в контексте коммуникативного подхода» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті. Өз сөзінде жаңартылған бағдарламада лексикалық тақырып пен тілдік дағдылардың оқытылуына екпін берілетіндігін, барлық тілдік дағдыларды белсендетуде теориялық мәлімет пен тәжірибелік тапсырмалардың тиісті мөлшерін  ескеру, лексика мен грамматиканың қатар дамыту жөн екендігін айтты. Тренер тәжірибелік мысал ретінде «Дарит осень всем подарки» (3 сынып) тақырыбындағы сабақ фрагментін көрсетті, мұнда мұғалімдер грамматикалық материалдың презентациясын, тілдік дағдылар мен грамматикалық дағдының қатар пысықталатындығын көрді.

Топтағы тәжірибелік жұмыстарды №46 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Далабаева А.М., Усиева Б.Е. ұйымдастырды. Мұғалімдер тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша оқу тапсырмаларын құрастырды.

Осы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгараева Д.С. «Озат тәжірибе мектебінің» бірінші отырысынын қорытындылады. Керібайланыс барысында мұғалімдер отырыстың ұйымдастырылуына оң баға беріп, қызықты әрі пайдалы тақырыптар қозғалғандығын айтты.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Динара Жумагалиева 2018-09-17 13:15 Старший преподаватель, тренер филиала АО «НЦПК» «Өрлеу» «ИПКПР по ЗКО», магистр педагогических наук Зулкашева Шынар Мулкайевна работает в тесном сотрудничестве с некоторыми базовыми школами филиала. 12 сентября в одной из базовых школ ею был проведен мастер-класс. Показатель успешности ее деятельности - приглашение администрацией школ к проведению межкурсовых мероприятий. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.