Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«С++ бағдарламалау тілінің негіздері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді
24.09.2018 09:20

2018 жылы 20-21 қыркүйекте  институт базасында «С++ бағдарламалау тілінің негіздері» тақырыбында 16 сағаттық ақылы әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға облыс мектептерінен 22 информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты: информатика пәнінің мұғалімдеріне білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша С++ бағдарламалау тілінің негіздерін меңгерту.  Семинарда  тыңдаушылар C++ бағдарламалау тіліне арналған Dev С++ интеграцияланған ортасында тәжірибелік жұмыстар жасады. Ақылы семинар барысында мұғалімдер аталған бағдарламалау тілінде цикл, массив, тармақталған құрылым, мәліметтер типтері, файлмен жұмыс жасау тақырыптарына түрлі қосымшалар құрастырды. Семинар соңында тыңдаушылардан кері байланыстар алынып, «Қатысушы куәлігі» берілді. Болашақта осындай семинардың ұйымдастырылуы жалғасын табады.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.