Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Critical thinking and 21st century skills» оқыту семинары өткізілді
18.09.2018 10:01

17.09.2018ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Critical thinking and 21st century skills» (Сыни ойлау және 21 ғасыр дағдылары) тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған ақылы оқыту семинары өтті. Семинарға 20 тыңдаушы Орал қалалық мектептерінен қатысты.

Семинар барысында  қатысушы мұғалімдердің шеберліктерін, білімін және құндылықтарын семинар барысында тренингтер және белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы дамытуға бағытталды. Семинар Британ Кеңесінің курс жоспарына сәйкес негізделіп, кәсіби тәжірибемен ұштастырылды. Семинар барысында жеке, жұппен және топпен жұмыс жасалынды.

Семинардың  соңында тыңдаушылар:

21 ғасыр дағдылары жайлы жалпы түсінік алды;

21 ғасыр дағдылары оқушыларға неліктен маңызды екенін анықтады;

21 ғасыр дағдыларын талқылады.

Семинар нәтижесінде тыңдаушыларда «Сыни ойлау және 21 ғасыр дағдылары» бойынша жалпы түсінік қалыптасты; тыңдаушыларға куәліктер табысталды. Семинар жөнінде ақпарат институт сайтында жарияланды.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Турегалиева м 2018-10-10 12:09 Облыстык семинар өз максатына жетті,əріптесте рге шығармашылық табыс тілейміз! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.