Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Менің бақытты балалық шағым»
03.10.2018 11:33

Бүгін ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» мәжіліс залында «Менің бақытты балалық шағым» атты мерекелік бағдарлама болып өтті.

Алдымен институт директоры Софья Измуханбетова әріптестерін төл мерекемен құттықтап, мерейтой иелеріне Алғыс хат табыс етті. Шара барысында филиал қызметкерлері өздерінің оқушы кездерінің фотосуреттерінен  жасақталған «Менің бақытты балалық шағым» атты бейнешолуды керемет әсермен тамашалады.

Аталмыш мереке ерекше түрде өтті. Филиалдың кафедра және бөлім қызметкерлері балалық шаққа оралып, октябрят, пионер, комсомол болған кездерді бейнелеп, көрініс көрсетті. Мерекелік шарада «бес жұлдызды» кеудесіне таққан октябрят та, алқызыл галстугын мойнына байлаған пионер де, комсомол да, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі «Жасқыран» мен «Жасұлан» топтары  да ұрандатып, өлең айтып, би билеп, ұжымдастарының көңілін бір серпілтіп тастады.

Сонымен қатар Баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері 80-90-жылдардағы тоқырау кездеріндегі «Мектеп бітіру кешінен» үзінді қойды.

Басқосуда Жансая Узахова «Школа», Алмагүл Улянова «Ұстазым» әндерін орындап, Рысханым Қуанаева «Ұстаз-ана» атты көркемсөзін нақышына келтіре оқып, мерекелік кеш қорытындыланды.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Ергазы 2018-10-04 09:24 Мейрамдарыңыз құтты болсын. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.