Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық онлайн конференция
04.10.2018 11:16

Фотогалерея

2018 жылдың 4 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияны ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Конференция жұмысының бағыттары:

-  Білім беру мазмұнын жаңарту аясында тиімді жоспарлаудың ерекшеліктері;

-  Оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететін белсенді оқу әдістері;

-  Саралау әдісі – әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайтын әдіс;

-  Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау арқылы анықтау.

Онлайн режимінде институтымыздың жаңартылған білім беру бағдарламасы тренерлері жоғарда көрсетілген тақырыптар бойынша әдістемелік көмек ретінде кеңестер береді, өз ойларымен бөліседі. Конференцияға қатысушылар онлайн форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Конференция аясында өз тәжірибесімен мектеп мұғалімдері бөлісті:

-  «Математика пәні бойынша оқу мақсаттарын іске асыру», Карина Мархаббат Махамбетовна, М.Б. Ықсанов атындағы ЖОББМБ №36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;

-  «Оқытудағы саралау мен бағалау әдістері», Каипова Алия Тулеугалиқызы, М.Б. Ықсанов атындағы ЖОББМБ №36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;

-  «Жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары», Мурзашева Айымгул Сансызбаевна, № 44 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Конференция қатысушыларына белсенділік арттырған үшін алғыс білдіреміз.

Ұйымдастыру комитеті

>

>

>

>

 

Пікірлер 

 
0 #4 Айгуль Тлепкалиевна 2018-10-05 10:01 Очень приятно было увидеть и услышать нашего тренера - Шынар Мулкайевну. Как всегда четкая, точная, уверенная, словом "на коне!" успехов и побед! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Айгуль Тлепкалиевна 2018-10-05 09:58 Добрый день, коллеги. Всех с праздником. посмотрела онлайн конференцию, использовала стратегию "Слушание с пометками" Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Рахимова А.Н. 2018-10-05 09:55 Здравствуйте, хорошо выступили, Кумис Ильясовна ) Смотрели конференцию. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Динара Жумагалиева 2018-10-04 17:32 Конференция аясында өз тәжірибесімен бөліскен
№ 44 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзашева Айымгул Сансызбаевнаға, М.Б. Ықсанов атындағы ЖОББМБ №36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімідері Карина Мархаббат Махамбетовна мен Каипова Алия Тулеугалиқызына алғыс білдіреміз.
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.