Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
15.11.2018 13:13

2018 жылдың 5-16 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы интернаттық ұйымдардың тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың интернаттық ұйымдардың 30 интернат меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС мақсаты мен міндеттері:

  • Тәрбиеленушілердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамытуға және түзетуге бағытталған балаларға жетекшілік ету жолдарын тәжірибеде көрсету;
  • Интернаттағы тәрбиелік шараларға қатысу;
  • Гендерлік тәсіл негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 14 қараша күні облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында  «Тәрбиеленушілердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін дамытуға және түзетуге бағытталған балаларға жетекшілік ету. Гендерлік тәсіл негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ұйымдастырылған тәрбиелік шараларға, түзете-дамыту шараларына курс тыңдаушылары белсене қатысты.

КТС бағдарламасы бойынша мектеп-интернат директоры А.Н.Губашев тыңдаушыларға «Мектеп-интернат тынысы» тақырыбында шолу жасады,   Тәрбиеші Ж.Куспанова танысу және көңіл күйді арттыру мақсатында «Менің көңіл күйім» тренингін өткізді. Сонымен бірге жоғары санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Абуев «Тәрбиеленушілердің жеке психологиялық ерекшелігіне бағытталған «Тоғыз құмалақ» ойынын ұйымдастыру» тақырыбында іс- тәжірибесімен таныстырды.  Ұйымдастырушылар курс тыңдаушыларын екі топқа бөлді, әр топ екі тәрбиелік және түзете-дамыту шараларына қатысты. Мектеп интернатының тәрбиешілері А.Хангереева, Л.Уалиахметова «Достық», Г.Бисенбаева, Қ.Рахимова «Отбасы-сәнді сыйластық» тәрбие сағаттарын, мектеп психологі А.Ізғалиева «Сенсорлық бөлмедегі сиқырлы әлем» түзете-дамыту  терапиясын, тифлопедагог С.Талапова «Оқушылардың арнайы тифлоқұралдары пайдалану әдістері» түзете-дамыту  сабағын өткізді. Мектеп интернаттың ұл балалар тәрбиешісі Қ.Әнес «Өнер шыңына шығар жол» атты дарынды балалармен сұхбат, тәрбиеші А.Балажан «Тұмар жасау» шеберлік сағатын және мектеп-интернаттың өнерлі балалары, «Жұлдыз-ай» республикалық байқауының жеңімпаздары өнерлерін көрсетті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қожанғалиев «Рефлексия» бөлімінде тыңдаушыларға  кері байланыс өткізді. Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының  директоры А.Н. Губашевке және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер 

 
0 #21 Сагинова А.К 2018-11-16 10:02 Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интерната семинарда болдым.Жұмыс жасау барысымен,дарын ды оқушылардың өнеріне тәнті болдым.Жұмыс жасауда үлкек табандылықтың және қамқорлықтын керек екенің түсіндім.Сіздерге тілерім табысты еңбек,оқушылары ңыз биіктен көріне берсін деп тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #20 Узбекова Бекзат 2018-11-16 09:54 ШСД мектебімен жақсы тəжірибе алмасу болды.Оқушылары өнерлі,тəрбиелі , білімді. Тəрбиешілерінің тəрбие сағаттары керемет өтті. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #19 Узбекова Бекзат 2018-11-16 09:54 ШСД мектебімен жақсы тəжірибе алмасу болды.Оқушылары өнерлі,тəрбиелі , білімді. Тəрбиешілерінің тəрбие сағаттары керемет өтті. Ұжымға шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #18 Касимова.М. 2018-11-16 09:49 Мен бул мектепте барганда коп әсер алдым ис тажирибе мен алар улги мол. Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Касимова.М. 2018-11-16 09:49 Мен бул мектепте барганда коп әсер алдым ис тажирибе мен алар улги мол. Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Нургалиева М О 2018-11-16 09:45 ШСД мектеп интернаты жақсы шырайлы қарсы алды. Мектеп интернат пен таныстырды танысу тренингі жүрді. Отбасы сыйластық тақырыбында өткен тəрбие сағаты. Қанағат трио тобы өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың концерттік шығармаларын тамашаладық. Қонақ жайлықтарына рахмет. Оқушылар өте талантты екен. Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Жайманова Мейрамгул 2018-11-16 09:45 Барлык ис шара унады,алган әсеримиз коп,сиздерге рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Нургалиева М О 2018-11-16 09:45 ШСД мектеп интернаты жақсы шырайлы қарсы алды. Мектеп интернат пен таныстырды танысу тренингі жүрді. Отбасы сыйластық тақырыбында өткен тəрбие сағаты. Қанағат трио тобы өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың концерттік шығармаларын тамашаладық. Қонақ жайлықтарына рахмет. Оқушылар өте талантты екен. Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Жайманова Мейрамгул 2018-11-16 09:45 Барлык ис шара унады,алган әсеримиз коп,сиздерге рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Суйешова Нургул 2018-11-16 09:41 Барлық іс шаралар ұнады, балаларды өнерге баулыған, жоғарғы дәрежеде өтті. Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Суйешова Нургул 2018-11-16 09:40 Барлық іс шаралар ұнады балалар өнерге баулып жоғарғы дәрежеде өтті. Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Бұлбұл 2018-11-16 09:38 Шсд мектебиндеги сабактар өте жаксы өтті. Балаларымыздын жулдызы жанып биік шындардан корине берсин. Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Айымгуль 2018-11-16 09:36 Жетекшіміз Құралай Шамуратовнаның бастауымен облыстық көру қабілеті бұзылған балалар мектебіне барған семинарымыз өте жақсы деңгейде өтті.Мектеп ұйымы жоғары деңгейде ұйымдастырған.Мектепте оқушыларға жағдай жасалған педагогтары білімдіде білікті екені бірдей байқалып тұр.Алған әсерім керемет Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Кукенова айсулу 2018-11-16 09:35 Семинар жогары дарежеде отти. Откизилген сабактар, тренингтер маган унады. Алган асерим оте коп. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Мирманова А.Н. 2018-11-16 09:34 Жогары дарежеде уйымдастырган балалар белсенди.Жан жакты, копшилик ортада оздерин еркин устайды,тарбиеш илер ынтымактастыкта бирликте бир бирин тусине жумыстанады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Шамуратова Куралай 2018-11-16 09:26 Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттың базасында өткен көшпелі тәжірибелік сабақтар барысында тәрбиелік шараларды, үйірмелерді, жобаларды көрдік. Ұжымның орасан еңбегінің нәтижелерін оқушылардың түрлі додаларды жеңімпаз атануларынан көруге болады. Шы,армашылық табыс, қайрат, жігер тілейміз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Гайниева Алтынай 2018-11-16 09:26 Улкен әсер қалдырған семинар болды. Барлық іс-шара,шеберлік сыныптар жоғары дарежеде өтті. Ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Шамуратова Куралай 2018-11-16 09:25 Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттың базасында өткен көшпелі тәжірибелік сабақтар барысында тәрбиелік шараларды, үйірмелерді, жобаларды көрдік. Ұжымның орасан еңбегінің нәтижелерін оқушылардың түрлі додаларды жеңімпаз атануларынан көруге болады. Шы,армашылық табыс, қайрат, жігер тілейміз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Зинуллина Римма 2018-11-16 09:24 Семинар жоғары дəрежеде өтті. Барлық іс шаралар ұнады. Ерекше балаларды өнер жағына баулып, республикалық деңгейде көрсетті. Қол өнер,би,əн,домб ырада ойнауы ерекше əсер қалдырды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Куляш Куатова 2018-11-15 12:14 Семинар прошел на высшем уровне. Получила очень много позитива. Видна работа педагога. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Арыстанова Жанаргуль 2018-11-15 12:11 Барлық іс-шара ұнады. Алган әсеріміз өте көп. Әріптестерімізг е творчествалык табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.