Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Рухани жаңғыру – АӘД және дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс жұмыс барысында патриотизмге тәрбиелеудің негізгі жолы»
15.11.2018 10:41

2018 жылдың 14 қарашасында  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы «Рухани жаңғыру – АӘД  және дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс жұмыс барысында патриотизмге тәрбиелеудің негізгі жолы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинар Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында әскери-патриоттық клубтар  мен спорттық секциялар жұмысының сапасын, АӘД және дене шынықтыру сабақтарын өткізу сапасын арттыру, педагогтің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсаттарын көздеді. Аталған мақаланың идеяларын жүзеге асыру үшін аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлерінің және АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жұмысында бағдарламалық мақала талаптарының орындалуы, жалпы іс-шаралар жоспарын аяқтау, рухани жандану және оқушыларға патриоттық тәрбие беру бойынша мекемелер мен педагогтардың жұмысын ұйымдастыру, сонымен қатар  озық  іс-тәжірибелерді насихаттау, пікір алмасу міндеттері қойылды.

Семинарға кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері  және АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар жұмысының қорытындысында ұсыныстар қабылданды.

Құнды пікірлерімен және іс-тәжірибесімен бөліскендерге қатысушы куәлігі берілді.

 

Пікірлер 

 
0 #3 Зайлаги 2018-11-16 12:37 Семинар прошел продуктивно участники семинара отметили высокую практическую значимость , актуальность, ценность материалов рассмотренных на семинаре, для применения в своей работе. Желаю участникам семинара творческих успехов в деле воспитания молодежи. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Бахтиярова Рысканым 2018-11-16 12:11 Семинар жұмысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру бағытын әскери-патриоттық клубтар мен спорттық секциялар, АӘД және дене шынықтыру сабақтарында басты назарда ұстау, өткізілетін іс-шаралардың сапасын арттырудағы педагогтердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру бойынша өрбіді. Қатысушылар қызметтеріндегі сұрақтарға жауап тауып,өзара тәжірибе алмасты, алдағы міндететрін айқындады. Әріптестерге сәттілік тілейміз! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Рауан Бақытқызы 2018-11-16 09:52 Ұлттық рухқа, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылыққа, елін сүйетін ер болуға тәрбиелеу қай уақытта да маңызды. Отбасы мен мектеп және қоғам болып патриот ұрпақ өсіруге атсалысуға, үлгі көрсетуге бағытталған семинар болды. Рақмет! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.