Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Химия пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті
16.11.2018 09:23

2018 жылдың 05 мен 16 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Химия пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында химия пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында Орал қаласының білім беру ұйымдарында көшпелі тәжірибелік сабақтар оздырылды.

Курс тыңдаушылары  №14 ЖОББМ мұғалімі Дүйсенова Света Губайдуллиевнаның 8 сыныптағы «Моль, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс» , №44 мектеп-лицейінің мұғалімі Урбисенова Алия Кабдырахиевна 10 сыныпта «Химиялық реакциялардың жіктелуі», «Білім-инновация» мектеп-лицейінің мұғалімі Масалиева Маржан Болатқызы 9 сыныпта ағылшын тілінде «Sulfur and hydrogen sulfide. Oxides of sulfur»,  №37 ЖОББМ мұғалімі Орынова Гульбаршын Ермеккалиевна 8 сыныпта «Молярлық масса, зат мөлшері» тақырыптында ашық сабақтарына қатысты.

Сонымен қатар №14 ЖОББМ мұғалімі Дүйсенова Света Губайдуллиевна «Химия сабақтарында оқушылардың, сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», №41 мектеп-лицейінің  мұғалімі Бергалиева Гулмайра Каримуллаевна «Химия сабақтарында IT-технологияларды сәтті қолдану тәсілдері», №49 ЖОББМ мұғалімі Искалиева Роза Гусмановна «Дербес білім алу және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруда белсенді және интерактивті оқыту әдістерінің, сын тұрғысынан ойлау технологиясының рөлі», №37 ЖОББМ мұғалімі Орынова Гульбаршын Ермеккалиевна «Жоғары сыныптарда химия пәні бойынша зертханалық жұмыстарды дайындау мен өткізу ерекшеліктері және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы рөлі» тақырыптарында мастер-класс түрінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.