Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жоспарлы онлайн-семинар
20.11.2018 17:00

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г.Ахметова бекіткен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бойынша Маңғыстау, Атырау және БҚО филиалдарына «Латын әліпбиіне көшудегі ұстаздардың алдындағы міндеттер» тақырыбындағы семинар өткізу жүктелген еді.

2018 жылдың 20 қарашасында Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Латын әліпбиіне көшудегі ұстаздардың алдындағы міндеттер» тақырыбында  онлайн-семинар ұйымдастырып, оған барлық филиалдар онлайн жүйесінде қосылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан» онлайн-семинарға бөлім, кафедра қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы  тренерлер дайындау курсынан өткен Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Бағдагүл Бекқалиқызы Ғаббасова баяндама оқып, Маңғыстау облысы бойынша ПҚБАИ қызметкері Қуантқан Рзаұлы Вановтың бекітілген нұсқаға берілген балама жобасы  жөнінде пікір білдіріп, ұсыныстар айтты.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Динара Жумагалиева 2018-12-07 22:22 Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Бағдагүл Бекқалиқызы институтымыздың тренерлері атынан баяндама жасады. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.