Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Мен – Жайықтың перзенті» атты еске алу кеші
20.11.2018 18:26

Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен облыстық «Жайық ұстазы» газетінің тұңғыш редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, журналист Ақмаржан Бақытқызы Таубаеваның 60 жасқа толуына орай «Мен – Жайықтың перзенті» атты еске алу кеші өткізілді. Еске алу шарасына танымал тұлғалар, институт ардагерлері мен ұжымы, облыс педагогтері және ақынның бауырлары қатысты.

Шара шымылдығын ашқан «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» директоры Софья Измуханбетова ақынның шығармашылығы, атқарған ізгі істері туралы айтып өтсе, кеш қонақтары ардагер ұстаздар Шалқыма Құрманалина, Өтебай Құспанов, ақын Үзілдік Елеубайқызы, шәкірті Ерболат Ғайнешов, бауыры Қайыржан Таубаев «Жайықтың ақ самалы» атанған ақынның ешкімге ұқсамайтын дара тұлғасы туралы естеліктер айтып, ыстық ықыласпен еске алды.

Тағылымды шарада адам өмірінің әр кезеңін суреттейтін ақын өлеңдерінің тақырыбына сай сахналық қойылым қойылды. Сонымен қатар ақын туған өлкедегі Аңқаты ЖББОМ және Орал қаласындағы №19 ЖББОМ базасында жылма-жыл өткізіліп жүрген дәстүрлі «Ақмаржан оқуларының» жеңімпаздары туындыларын оқып, Ақмаржан Бақытқызы сөзін жазған «Мәңгілік сағынышым», «Өзіңе-өзің жәрдемдес», «Қастерлейік, Жайық қызын, Ана атын» әндері орындалды. Еске алу шарасы Оралдың «Өрлеуі» ұжымы орындаған әні сазгер Роза Сүлейменова мен Ақмаржан Таубаеваның сөзіне жазылған «Ұстаздар ұстаханасы» хорымен аяқталды.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Динара Жумагалиева 2018-12-07 22:19 Ақмаржан Бақытқызының "Құлын дауысты жыр - әлем" кітабын оқыған сайын апайды еске алам, әңгімелерін есіме түсіріп… Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.