Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
23.11.2018 09:14

2018 жылдың 19 мен 23 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық дамыту стратегиясы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған.

Курстық оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 21 қараша күні Орал қаласының №43 «Өркен» бөбекжайында «М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жаппай топтық жұмыс оқу қызметін ұйымдастыру. Құм терапиясы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

КТС бағдарламасы бойынша бөбекжай директоры М.А.Джубаева  тыңдаушыларға «Бөбекжай тынысы» тақырыбында шолу жасап,  семинар бағдарламасымен таныстырды.  Бөбекжай әдіскері М.Г.Шарипова «Бәрі өзіңнің қолыңда» атты тренингін өткізді. Сонымен бірге бөбекжай тәрбиешісі А.С.Иманбаева «Табиғат біздің досымыз», Г.Ж.Байгазиева «Құм қаласына саяхат» тақырыптарында ұйымдастырылған оку қызметін өткізді.  Бұған қоса, бөбекжай дефектологы  Б.Т.Тынышқалиева «М.Монтессори технологиясын пайдалану  арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін дамыту» тақырыбында өзінің тәжірибесімен бөлісті, тәрбиеші Н.С.Уткелбаева курс тыңдаушыларын қатыстыра отырып «М.Монтессори әдісі бойынша ұсақ моториканы дамыту жолдары» тақырыбында шеберлік сыныпты шеберлікпен ұйымдастырды. Семинарды бөбекжай  психологы Г.А.Жангалиева «Біздің балабақшада»  атты тренингімен қорытындылады.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған №43 «Өркен» бөбекжайы директоры М.А.Джубаеваға және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.