Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Ұлытауға бардың ба?» атты оқыту-тренингі өтті
26.11.2018 16:05

Презентация

Видео

Елбасының жақында ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 26 қараша күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»-ның мәжіліс залында «Ұлытауға бардың ба?»  атты оқыту тренингі өтті.

Шараға институт директорының орынбасары Е.Сафуллин, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары және институт қызметкерлері қатысты.     Шара барысында  Елдос Набиоллаұлы аталмыш мақаланың мазмұнына тереңірек тоқталып, Қарағанды облысына қарасты Ұлытау тарихи  елдімекенінде кезекті іссапарда болғанын әңгімелеп, алған әсерімен бөлісті. Сонымен бірге Қуаныш Ахметовтың кең құлашты, әрі көлемді «Ұлытау» тарихи-танымдық  кітабының мазмұнын ашты.

– Ұлытау – қазақ ұлты үшін қастерлі мекен. Бұл таудың тарихы, ұлтымыздың тарихи кіндігі. Бұған бір дәлел – Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы «Таңбалы тас». Осы жартастың бетінде барлық қазақ руларының таңбалары ойып жасалған. Тек Ұлытау ауданының аумағында тіркелген 700-ден астам тарихи және мәдени ескерткіш бар. Деректерге сүйенсек, қазақ елінің шаңырағын көтерген алғашқы тарихи құрылтай осы жерде болған. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытау» деген бәрімізге белгілі. Ұлытау бөктерінде тарихи белгілер өте көп. Тік жартастың бетінде барлық қазақ руларының таңбалары қашалған. Ұлытау жері хандарды ұлықтап, ел тағдырына қатысты алқалы басқосуларды өткізумен бірге ел үшін талай қырғын-шайқастарға да куә. Қазақ халқының үш жүзінің өкілдері  Ұлытаудың биік шыңына шығып, киелі құстың етін жеп, халықтың бірлігіне адал болуға ант берген. «Ұлытау» шығармасы бұл – ел тарихы туралы тың деректер жинақталған ұлы туынды, – деді Е. Сафуллин.

Шара соңында Елдос Набиоллаұлы «Өрлеуліктерге» рухани серпіліс беретін танымдық оқыту тренингін ұйымдастырды.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Динара Жумагалиева 2018-12-07 21:53 Елдос Набиоллаұлы, мазмұнды баяндама мен қызықты тренинг үшін рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Зайлаги 2018-11-27 11:28 После таких обучающих занятий понимаешь насколько богата наша страна историей и на сколько мало мы её знаем. Спасибо докладчику за столь интересную поучительную информацию!!! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.