Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
30.11.2018 09:13

2018 жылдың 26 мен 30 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық дамыту стратегиясы» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған.

Курстық оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 28 қараша күні Орал қаласының №41 «Ақ тілек» бөбекжайында «М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жаппай топтық жұмыс оқу қызметін ұйымдастыру. Құм терапиясы» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

КТС бағдарламасы бойынша бөбекжай директоры А.Х. Исенбаева  тыңдаушыларға «Бөбекжай тынысы» тақырыбында шолу жасап,  семинар бағдарламасымен таныстырды.  Бөбекжайдың музыка жетекшісі Р.А.Кушалиева бөбекжайдан  музыкалық  сәлемдеме, курс тыңдаушыларымен «Көңілді оркестр», педагог-психолог  Ж.И. Туякова «Сенім менің серігім» атты     психологиялық тренингін өткізді. Сонымен бірге бөбекжай тәрбиешісі Г.Х.Куанышкалиева «Математика патшалығына саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған оку қызметін өткізді.  Бұған қоса, бөбекжай әдіскері  Ж.Н. Джумагелдина «М. Монтессори педагогикалық жүйесіндегі әдіс-тәсілдер» атты көрмесін ұйымдастырып, өзінің тәжірибесімен бөлісті, бөбекжай  тәрбиешісі А.А. Абдушева және №4 ЖОББМ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі А.Д. Джунусова В.Воскобичтің «Қызықты ойындар» атты мектепалды даярлық пен ортаңғы топ арасындағы кіріктірілген  зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Тәрбиешілер А.К.  Мендикерей, Д.С.Жұқатай  курс тыңдаушыларын қатыстыра отырып «Құмдағы ғажап ойындар» тақырыбында шеберлік сыныпты шеберлікпен ұйымдастырды.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған №41 «Ақ тілек» бөбекжайы директоры А.Х. Исенбаеваға және ұжымға институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.