Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«КазИИТУ» ғылыми білім-кешені
04.12.2018 15:28

Фотогалерея

«КазИИТУ» ғылыми білім-кешені – Қазақстандағы ең ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы жақсы дамыған, әрі жоғары білікті кадрларды даярлайтын ғылыми-білім беруші кешен болып табылады. Қазіргі таңда «КазИИТУ» ғылыми –білім кешені Батыс өңіріндегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталығы, жаңа қарқынмен инновацияға жол ашқан, бірден-бір жоғарғы оқу орны  ретінде өзін танытып отыр.

Сатылы білім беріп отырған ғылыми кешен құрамына: Андас оқу орталығы; Ақпараттық технологиялар мектеп лицейі; Халықаралық цифрлық технология, архитектура және құқық колледжі; Республикалық жоғарғы техникалық колледжі; Алматы халықаралық бизнес және байланыс колледжі; Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті; Мемлекеттік қызметшілерді оқыту және жұмысқа орналастыру институты; «Экожержоба», «ТРАНС» ғылыми-зерттеу институты; Магистратура кіреді.

Қазіргі заманғы экономика ғылым мен инновацияны қажет ететіні сөзсіз. Осыған орай халықтың рухани және материалдық сұраныс­та­рының қамтамасыз етілуі ең әуелі елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты даму деңгейіне байланысты екені дау туғызбайды. Осы орайда біз Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер сапынан көрінуге ұмтылысына ғылым мен инновацияға көз­қарас тұрғысынан баға бергеніміз жөн. Елбасымыздың халыққа жолдауының басты міндеттерінің бірінде «Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн» деп атап айтқан болатын. Соның ішінде «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болатынын басты назарға алды. Университетіміз әрбір бағыт бойынша бағдарламалар дайындап жұмыстануда.

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің ғылым мен инновацияға бағыттала құрылған өз базасы бар. Негізі кешеніміздің құрамындағы жоғарыда айтылған екі колледж бен университет үш бағытта жұмыстанады: техникалық, экономикалық және гуманитарлық. «КазИИТУ» ғылыми-білім кешені жоғары ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру мақсатында байланыс жабдығын құрастыру және орнату - компьютерлендірілген оқу зертханалық кешені; Автоматтандыру және басқару - технологиялық процестерді бақылау зертханасы; мұнай өндіру зертханасы; автокөлік құралдарын пайдалану сыныбымен; Hummer N2 SUV-ді сүйреуге тартқыш қуаттары жеткілікті немесе шағын бульдозер режимінде жұмыс істеуге қабілетті технопарк үшін университеттік студенттік конструкторлық бюросы әзірлеген гелоэлектромобильдер мен күн энергиясын энергияның негізгі көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін мопедтер мен велосипедтермен; «Hi-Tech» лабораториясымен жабдықталған. Заман талабы – әрбір адамзат баласының өз құқығын дұрыс білуден басталатыны айқын құбылыс. Құқықтану мамандығының студенттерінің теориялық алған білімдерін практикада жүзеге асыру мақсатына Әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қайраткері, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Кайдаров Рустем Есимхановичтің қолдауымен университетімізде криминалистика кабинеттері жабдықталған. «Криминалистикалық полигон» - студенттеріміздің өз мамандығының хас шебері атанып білім алуына үлкен септігін тигізсе, Дизайн мамандығының студенттеріне «Радуга» көрме залы қызмет етуде. Жалпы әрбір мамандыққа заманауи талапқа сай  кешеніміз жабдықталған.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев үсті­міз­дегі жылдың сәуір айында өт­кізілген Үкіметтің кеңейтілген оты­рысында – Қазақстанды әлем­дік деңгейдегі білім орталығына ай­налдыру қажеттілігіне баса назар аударған еді. Әлемдік озық тәжі­рибелерді талдап, таразылай оты­рып жасалған Қазақстан Рес­пуб­ликасында білім беруді дамыту­дың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдарламасында – жо­ға­ры оқу орындарының қызме­тін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне сәйкестендіріп, акаде­мия­лық ұтқырлықты қалыптас­тыру – жүзеге асырылуға тиісті мін­деттердің бірі ретінде көрсетілген. Жоғары білім берудің Еуро­палық кеңістігін құраушы дамы­ған алдыңғы қатарлы елдердің басты ұстанымы – Болон дек­ла­рация­сының қағидаларын басшы­лық­қа алу болып табылады. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ең басты міндеттерінің бірі – алыс жақын шетел университеттерімен екі жақты серіктестік құрып, қарым-қатынасты нығайту.  Қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып, мұндай көпшілік мойындаған және маңызды құжатқа қол қою білім беру және ғылыми орталықтың мәртебесін көтеріп, оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті алыс жақын шетел жоғары оқу орындарымен ғылым және жоғары білім бойынша қарым-қатынас құруға тілек білдірген 42-ден астам келісім-шарттарға қол қойды. Оның ішінде: Ресей Федерациясының жоғары оқу орындары, Швецария (Арк жоғарғы мектебі, Невшатель, Швецария) жоғары оқу орны, Польша жоғары оқу орнымен жасалған. Келісім шарттар аясында:

-          студенттер мен магистранттар арасында академиялық алмасулар;

-          ортақ бағдарламалар мен жобалар ұйымдастыру;

-          ғылыми ынтымақтастық орнату;

-          оқытудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен алмасу;

-          оқу-әдістемелік оқулықтар, публикациялар және материалдармен алмасуды ұйымдастыру;

-          он-лайн конференциялар ұйымдастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда осы келесім-шарттың жемісін көріп отырмыз деп айтуға болады, оған себеп «Дубна» мемлекеттік университетінде грантта оқып жатқан  бакалавриат бойынша - 40 адам, ақылы түрде – 10 адам, грант бойынша магистратурада – 60 адам оқып жатыр. Сондай-ақ магистратураны бітіріп Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде еңбек етіп жатқан Айгужиева Мендігүл Темірболатқызы - Халықаралық қатынастар институтының директоры қызметін атқарса, Буранова Айдана Табылдықызы – Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары,  Мусина Нургуль Маратовна - жалпы техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы қызметінде еңбек атқарып жатыр.

Ресей Федерациясының Ростов облысының Новочеркасск қаласында орналасқан М.И.Платов атындағы Оңтүстік Ресей мемлекеттік техникалық университетін бакалавриат бойынша «Тау – мұнай-газ» факультетінің «Техносфера қауіпсіздігі» мамандығының келісім-шарт арқылы 2012 жылы Мурзагалиева Тлекши Утемисовна грант иегері атанып, аталмыш оқу орнының 4 жылдық курсын бітіріп келді. Қазіргі таңда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде кәсіптік бағдар және мониторинг ортылығының маманы қызметінде еңбек жолын жалғастыруда.

Техника ғылымдарының докторы, «Тұрақты даму» кафедрасының профессоры Борис Евгеньевич Большаковпен сол жылдары университетімізде халықаралық байланыс бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған, қазыргі таңда Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің цифровизациялау жөніндегі проректоры, PhD доктор, доцент - Алмагүл Ақболатқызы Қамиева «Исследование и развитие фундаментальной базы научных знаний в области устойчивого инновационного развития»  (2013 жыл, шілде; Ресей-Мәскеу-Дубна) жобасына қатысты. Жобаның мақсаты – «адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі тұрақты инновациялық дамудағы ғылыми білімнің іргетасты базасын зерттеу және дамыту болатын. 2013 жылғы 3 сәуірден 12 сәуір аралығында Алмагүл Ақболатқызы Қамиева  Германияның Берлин қаласында «Қаржылық есептің халықаралық стандарттары» бойынша біліктілігін көтеру курсынан өтті.

2017 жылы 11 сәуірде Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Ғылым күні» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ONLINE КОНФЕРЕНЦИЯ өтті. Конференцияға дәріскер: техника ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми ақпарат бөлімінің бастығы А. Курицын Ю.А. Гагарин атындағы космонавтар оқу орталығы (Мәскеу),  және Дубна Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті:  ғылыми мектептің жетекшісі- Б.Е.Большаков қатынасты.

«Дубна» университетінің ынтымақтастығының нәтижесінде: Ю.А. Гагарин атындағы КҚК және Ғарыштық технологияларды насихаттау саласындағы университетке «За преданность Космонавтике» төс белгісі берілді (Юрий Гагарин атындағы КҚК 2014 жылғы 11 сәуір, Мәскеу)

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университеті  журналист В.В. Полетаевамен бірігіп Байқоңыр ғарыш айлағы - ұшыру алаңдарында Қазақстан Республикасында ғарышты зерттеу тарихын жаңғырту туралы журналистік зерттеулер жүргізеді.

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Әліби Науханұлы Баяхов Қазғарыштың басшысы - ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев пен ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов сынды ғарышкерлердің қатынасуымен өткен экипаж Падалка – Айымбетов – Могенсен штаб ғарышкерлерді даярлау Орталығының Ақ залында өткен  Пресс – конференцияға қатынасты. (Жұлдызды қала 9 қазан 2015 ж.)

Қазғарыштың басшысы - ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев, ҚИжТЖУ-нің ректоры Ә.Н.Баяхов  және Жұлдызды қаладағы өз жерлестерімен.
9 қазан 2015 жыл (Мәскеу қаласы)

Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов пен ҚИжТЖУ-нің ректоры Ә.Н.Баяхов Жұлдызды қала, 9 қазан 2015 ж. (Мәскеу қаласы)

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетімен академиялық ұтқырлық аясында атқарылып жатқан еңбектердің тізбегін тізе беруге болады. Алыс жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кеңес беру, ғылыми-әдістемелік оқу құралдарымен алмасу, аспиранттардың жұмыстарын жариялау т.б. көптеген жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы, “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысының төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьяларды іріктеу туралы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы – Ақсерік Сарыұлы Әйтімов  пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Измуханбетова Софья Салахиденовна бірігіп жұмыстануда. Сонымен қатар, бірнеше жылдар бойына «КазИИТУ» ғылыми-білім кешені ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен де сабақтаса жұмыс атқаруда. Аталмыш орталықтарға біліктілігін арттыруға келген аймақтық мектеп директорлары мен мектеп мұғалімдерін, орталықтардан бекітілген жетекшілерімен бірге Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне «Ғылым және инновация» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге шақырылды. Атап айтсақ, 2018 жылдың 1 қараша күні «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің кәсіптік бағдар беру және мониторинг орталығының ұйымдастыруымен, аймақтық мектеп директорларына кешенімізді таныстыру, болашақта тығыз байланыс орналастыру мақсатында кездесу ұйымдастырдық. Мақсатымыз айқын, аймақтық әрбір мектепке жол ашу, олармен тығыз байланыс орнату. Оқу процесіндегі жаңа реформаларды екі-жақты талқылау. Ғылыми – білім кешенінің базасымен терең таныстыру. Нәтижесінде: оқушы - мектеп директоры - университет үштік серіктестікке қол жеткізу. Осындай аталмыш шара, 2018 жылдың 22 қараша және 29 қараша күндері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына біліктілігін арттыру мақсатында келген мектеп ұстаздары және орталық басшылары: Измуханбетова Софья Салахиденовна, Сафуллин Елдос Набиоллиевич сынды әріптестеріміз «КазИИТУ» ғылыми- білім кешенінде өткен кездесуде бас қосты. Шара барысында: ҰБТ-ның жаңа форматы, оқу барысындағы жаңа реформалар, ғылыми-білім кешеніміздің бүгінгі таңдағы жетістіктері, студенттердің оқу барысы кезінде қолданыстағы лобараториялары мен кітапхана кешенін, академиялық ұтқырлық аясындағы жеткен жетістіктермен бөлісіп, екі жақты сараптама жасау болатын. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының және Педагогикалық шеберлік орталығының қызметі казақстандық білімнің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуы жағдайында мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму идеясына негізделген. «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара ұстаздарымыздың даму жолына қосқан үлесі еді.

Елбасының үстіміздегі жылғы халыққа Жолда­уында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру кілті – нақ осы ғылым мен білімде, инновацияда. Қазіргі таңда ғылымды дамытудың кешенді бағдарламалары жасалып жатыр, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет деп Елбасымыз өз жолдауында атап айтқан болатын. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру болып табылады. Ол үшін ел дамуының негізгі факторы саналатын инновациялық белсенділікті артыру қажет. Осы ретте тек мемлекеттік дең­гейде ғана емес, сондай-ақ әр аймақ пен нысанның ауқымында да инновацияға жеткілікті көңіл бөлу керек болады. «КазИИТУ» ғылыми- білім кешені осы бағытта үздіксіз еңбек ету үстінде. Бұған дәлел: ҚР-дағы  142- ЖОО-ның арасында «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің рейтингісінде ойып тұрып өз орнын иеленді. Атап айтсақ, 10-Ұлтық ЖОО, 2- Халықаралық ЖОО , 12-Қарулы күштер мен Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО ,15-Акционерлік ЖОО, 32-ҚР мемлекеттік ЖОО, 71- ҚР-ның жеке меншік ЖОО арасынан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің мамандықтары 5В070200 Автоматтандыру және басқару- 8 орын,  5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - 9 орын,  5В073200 Стандартизация және сертификаттау - 15 орын,  5В050600 Экономика -  19 орын,  5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру -  22 орын,  5В050800 Есеп және аудит -  24 орын,  5В050900 Қаржы - 38 орын,  5В070300 Ақпараттық жүйелер - 49 орын (шілде, 2018 ж), 5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдар және конструкцияларды өндіру - 2-орын, 5В060800 Экология - 5-орын, 5В090800 Бағалау - 7-орын, 5В020700 Аударма ісі - 14-орын, 5В050700 Менеджмент - 27-орын (қыркүйек, 2018ж) алды. Елбасымыз 2019 жылы «Жастар жылы» деп белгілегенін ескере отырып, ғылым мен инновация -  жастар жылында болашақтың айнасына айналары сөзсіз.

«КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің кәсіптік бағдар және мониторинг орталығының бас маманы, экономика ғылымдарының магистрі

Исмагулова Арайлым Махамбетовна.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Динара Жумагалиева 2018-12-06 18:53 Тамаша ақпарат Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.