Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Маңызды жоспарға маңызды қадам
05.12.2018 11:28

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г.Ахметова бекіткен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бойынша Маңғыстау, Атырау және БҚО филиалдарына «Қазақ тілі емлесіндегі шешімін таппаған мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жүктелген еді.

2018 жылдың 5 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен «Қазақ тілі емлесіндегі шешімін таппаған мәселелер» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Осы шараға Оралдың «Өрлеуінен» директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин және бөлім, кафедра қызметкерлері белсене қатысты.

Сонымен қатар «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы тренерлер дайындау курсынан өткен Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Р.Б.Мулдағалиева мен Баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Р.С.Қуанаева баяндама оқып, «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасына ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Қорытынды сөз алған Елдос Набиоллаұлы маңғыстаулық мамандарға алғысын білдіріп, маңызды қадамға бағытталған шаралар легіне сәттілік тіледі.

 

Пікірлер 

 
0 #2 Динара Жумагалиева 2018-12-06 16:56 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері Еліміз үшін маңызды бастамаға үлес қосуда. Істеріңізге сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Габбасова Багдагул Б 2018-12-06 11:44 Латын қарпі көкжиегі Ғаламның,
Көшу керек, алғашқысы емес қой бұл Қадамның.
Абайды да аударамыз көмегімен қаламның
Болашағы жарқын болсын жас ұрпақтың,баламн ың …
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.