Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинар ұйымдастырылды
08.02.2019 15:18

2019 жылдың  8 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған курс аясында А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында «Рухани-адамгершілік білім-бар білімнің бастауы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарды мектеп директоры Ж.К.Батыров тыңдаушыларға өз лебізін білдіріп және танысу тренингісі арқылы ашты. 6 және 10 сыныптарда өзін-өзі тану пәні бойынша сертификатталған мұғалім Г.Сарсенгалиева мен өзін-өзі тану мұғалімі Г.Ж.Байжиенова  ашық сабақтар өтікізсе, 5 сыныптарда «Құндылықтар әлемінде» тақырыбында сыныптан тыс шараны өзін-өзі тану пәні бойынша сертификатталған мұғалім Д.Есенова жүргізді.Сабақтар мен сыныптан тыс шаралардада жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушылар бойынан аша отырып,  сахналау арқылы өз бойларынан өткізе білді.Семинарды қорытындылай келе мектеп психологы С.Муратова рефлексивті тренинг арқылы тыңдаушылардың іс-тәжірибесін ортаға салып, пікірлерін шебер ала білді. Семинар өте ұтымды ұйымдастырылған.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ  ДБО тренері Ш.Арыстанова

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.