Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Сын тұрғысынан ойлау: жетістіктер және қатерлер
15.02.2019 09:11

2019 жылдың 14 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ базасында  жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған «Сын тұрғысынан ойлау: жетістіктер және қатерлер» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Семинардың мақсаты:

Педагогтердің оқытуда жаттанды ақпараттан гөрі ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салуы үшін көмектесу;

- сыныпта сыни ойлау стратегияларын қолдануда педагогикалық шеберлігін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу.

Шараға Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан 29 пән мұғалімдері қатысты. 14 мұғалім шеберлік сынып өткізіп, орыс тілі мен ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлау стратегиясын қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Олар: А. А.Акмурзина, Д.И.Рыскалиева (Орал қаласы, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ), А.Б.Бахитжанова (Подстепный ЖОББМ), Л.С.Габдуллина. (Сағырбаев атындағы ЖОББМ), Н.А.Жукова (Рубежин ЖОББМ), Ж.М.Менеева (Асан ЖОББМ), Р.Д.Таубаева (Сатпаев атындағы ЖОББМ), М.М.Туркеева (Ақжайық ЖОББМ), Г.А.Турланова (Шыңғырлау ЖОББМ), Н.А.Умурзакова (№37 ЖОББМ), Г.М.Хажмуратова (№14 ЖОББМ), Л.Е.Қыдыргожина, М.А.Тулеугалиева (Қаратөбе мектеп-гимназиясы), А.Е.Машжанова (№47 ЖОББМ).

Сонымен қатар, №13 ЖОББМ инклюзивті білім беру бойынша тәжірибелі логопед мұғалімі М.В.Билаш сабақта сыни ойлау стратегияларын қолдану бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар аясында аға оқытушы С.К.Абитова «Мұғалімнің зерттеуі: тақырыпты таңдаудан презентация әзірлеу» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, хат негізінде олардың зерттеулерінің презентациясын әзірлеудің тиімді мүмкіндігі ретінде қарастырды.

 

Пікірлер 

 
+1 #1 Саним Абитова 2019-02-19 14:40 Уважаемые колеги, спасибо за работу! Ваши идеи по применению стратегий критического мышления на уроках были интересными! Мастер классы были показаны на высшем уровне. Удачи и творческих успехов! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.