Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары. 2019 жылдың алғашқы тобы - 1-топтың сабақтары. Соңғы күндер. Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау.
28.02.2019 17:29

Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: жоспарлау. Тыңдаушылар ықшамсабақтарды  өткізу сәттері.  Алда жиынтық бағалау - ҚМЖ қорғау.  Топ тренері – Бахтиярова Рысқаным Жолболсыновна.  Әріптестерге сәттілік тілейміз!

 

Пікірлер 

 
0 #12 Бахтиярова Рысканым 2019-03-13 11:17 Әрбіреуіңіздің кері байланысыңызға, жағымды оң пікірлеріңізге менің де алғысым шексіз! Сіздерге аласармас асулар мен толағай табыстар, болашағымызға тәлім-тәрбие беруде таусылмас талап пен сарқылмас тың идеялар, мықты шәкірттер тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Кадиралиева Жанар 2019-03-02 14:22 Міне зулап 1 ай да өте шықты. Осы бір айда жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері мен критериалды бағалау жүйесін жүргізуін бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп, біздерге ұқтырғаны үшін тренерім Рысқаным Жолболсыновнаға көп-көп рақмет айтамын. Мен осы бір ай ішінде сабақ мақсаттарын құруды, ойлау деңгейіне сай бағалау критерийлерін құруды, жалпы ҚМЖ құруды үйрендім. Рысқаным Жолболсыновнаға алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Мырза. Г.Д 2019-03-02 13:56 [01.03, 2:23] Мырза Гүлзия Досқалиқызы: Жаңартылған білім беру мазмұнындағы курсымыз да аяқталуға келді. Қашан курсқа барам деген қызығушылығымыз орындалып, Рысканым Жолболсыновнада н сабақ алдық.Курста теориялық біліммен қатар практикалық сабақ жасадық. Тренеріміздің терең білімділігінің, шебер ұйымдастырушылы ғының, талапшылдығының нәтижесінде алға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймын.Жаңартылған бағдарламаның бүкіл мазмұнын нақты талдап көрсетіп, үйретті.Тренердің өзіне тән әдістері тыңдаушыларын тәнті етті. Қанша көп ресурстар,матер иалдар алдық.
[01.03, 13:26] Мырза Гүлзия Досқалиқызы: Жалпы жаңартылған білім беру мазмұнындағы қағидаттардың ерекшелігін толық меңгеріп, бүгінгі күнде көп мүмкіндіктерге қол жеткіземіз. Оқыған мұғалімдердің бірі ретінде өзімді "бәрін білетіндей" күйге еніп отырмын. Шындығында жаңартылған сыныптарға сабақ берсек те білмейтініміз қаншама екен.
[02.03, 8:55] Мырза Гүлзия Досқалиқызы: Талапшыл, өз ісінің шебері Рысканым Жолболсыновнада н сабақ алып, жаңартылған білім беру мазмұнына кірмеу мүмкін емес. Рысканым Жолболсыновна, болашақта аудандарға келіп, барлық пән мұғалімдеріне семинар-тренингтер өткізсеңіз деген ұсыныс айтқым келеді. Себебі сіздің шеберлігіңіз, адамды еріксіз баурап алатын практикаңыз басқа пән мұғалімдеріне де ой салып, жаңартылған мазмұнда сабақ беру әдістемелерін өзгертеді деп ойлаймын. Мен қашанда бір нәрсені білуге, үйренуге тырысатынмын.Сіздің үйреткен тәлімдеріңіздің үдесінен шығамыз деп ойлаймын.Әріптестеріме сәттілік тілеймін!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Альбена Куатова 2019-03-02 12:54 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курсты да аяқтап қалдық. 1ай бойы білімі мен тәжірибесін бар күш -жігерімен курс тыңдаушыларының зердесіне сіңіре білген тренереміз Рысқаным Жолболсыновнаға алғысымыз шексіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Кубашева Шынар Аскар 2019-03-02 12:41 Не деген мықты тренер!Рысқаным Жолболсыновнаны ң білімділігі кез келген адамды таңқалдырары сөзсіз.Бір айлық курстан үйреегеніміз өте көөөөп болды.Осындай талапшыл,дарынд ы тренерден сабақ алғаныма рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Акбулатова Лунара Ту 2019-03-02 12:30 2019 жылы ақпанның 4 жұлдызында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курс басталған болатын. Ал бүгін, сол бір ай да өте шықты. Курс барысында тренеріміз - Рысқаным Жолболсынқызыны ң талап қоя білуінің арқасында қоржынымызды құнды дүниелермен толтырып кетіп барамыз: қмж құру, сабақта белсенді әдістерді таңдау, тілдік төрт дағды, сараланған тапсырмалар, модерация, бағалау критерийлері т.б. айта берсеңіз, таусылмайтын тізіміміз жалғаса береді. "Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың демекші" , жаңартылған білім мазмұны туралы тарының көлеміндей ғана мәліметпен келсек, бүгін таудай үлкен дүниені бойымызға сыйдырып кетіп барамыз. Қимастық сезімі қалып барады… Осындай дәрежеге жеткізген тренерімізге мың алғыс! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Жукеева Арайлым Сери 2019-03-02 06:15 Курсқа алғыс айтамын!(Әзіл аралас өлең)
Ұстазымыз ақтарылып ағынан
Тәлімі мол түрлі әдіс жағынан
Тереңдейді білім атты теңізге
Ақпараттар әлемінде ағылған.

Әр мектептентен түрлі маман жиналдық,
Орлеуде біз алғашқы апта қиналдық.
Шолу жасап ғалымдарға шетелдік,
Нұсқаулықтың күл талқанын шығардық.

Тақырыпты өткен сайын шыңдалдық
Постер жасап,өзімізді тыңдадық.
Әр күн сайын жалауымыз қмж
Асемқыздың почтасына жинадық.

Өтіп жатты талай қызық көп күндер
Жексенбіде көңілді күн жеткенде.
Көріп келдік Театр деген биікті
Неше түрлі қойылымдар өткенде.
Құттықтадық Лунара мен Фатошты
Әріптестер әуенменен жыр шашты.
Мөлдіржанның арқасында тамақ тоқ,
Айданадан бір ай бойы ас іштік.

Бола бермес мұндай тобы тренердің,
Бағасы алтын өткен әрбір күндердің.
Құттықтадық Әже атанған тренерді,
Атын қойып Айрат деген батырдың.

.
Ойландырды ҰМЖ мен ОМЖ
Саралау мен бағалау бар ҚМЖ
Қолымызға сертификат бұйырса,
Болармыз -ау, қмж-ның жұлдызы.
Әріптестер, жанымыз бір кемеде
Құшақ- құшақ қоржын болсын кетерде
Хабарласып, амандасып ,әрдайым
Сабағымыз сәтті болсын шегедей!
1-топ атынан Арайлым Жукеева
Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Жукеева Арайлым Сери 2019-03-02 05:53 Ақпан айында басталған курсты қимастықпен аяқтадық.Алдымен бір ай бойы дәріс берген тамаша ұстазымыз Рысқаным Жолболсынқыызын а шексіз алғыс айтамын.Алдымен топты ұйымдастыра білуі,барлық ережені таныстыра отырып,керемет шеберлік сыныптарын көрсете білуі бірден нәтижелі жұмыстың орындалуына ықпалы болды.Курс барысында нормативтік құжаттармен танысып,қысқа мерзімді жоспар құрудың жолдарын үйрендік.Білім алушыынң бойындағы төрт дағды бойынша саралау тапсырмаларының берілуі,түрлі әдіс тәсілдердің қолдануда тиімділігін,қри териалды бағалаудың жолдарын теориялық және практикалық жағынан меңгердік.Осы курсқа алған білімімді толықтырып,алда ғы жоспарларымызды әріптестеріммен бөлісемін.Ұстаздардың ұстазы бола білген тренерімізге шығармашыл шебер тұлғасы қашанда биіктерден көріне берсін деген тілек айтамын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Жубандыкова Жанар 2019-03-01 16:31 Бір ай бұрын 1-сыныпқа келген оқушыдай қуана да қобалжып білім жетілдіруге келген едік. Енді міне білім қоржынымызды жаңартылған білім мазмұнының құндылықтармен толтырып келіп бара жатырмыз. Осы баға жетпес білімді санамызға сіңіріп, ркхани да азық бере білген тренеріміз Рысқаным Жолболсыновнада й ұстазымызға айтар алғысымыз шексіз. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #3 Куаншалиева Мейргул 2019-03-01 13:26 Ықшам сабақтар арқылы сараланған сабақ мақсаттарын оқу мақсаттарына сай құруды, саралау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды, сабақ мақсаттарына сай тиімді әдістерді таңдауды, тиімді кері байланыс жүргізуді үйрендім. Осы үшін тренеріміз бен әріптестеріме рахмет айтамын! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Утебекова Фатима. 2019-03-01 13:23 Рысханым Жолболсын кызына рахмет. Билгенимизден билмегенимиз коп екен сиздин колдауынызбен жанартылган билим бойынша коп маглумат алдык. Сизге коп рахмет.Сиздин тобынызда болганыма оте куаныштымын. Кмж курудын жолдарын, сабакта максатты тандаудын жолдарын оте керемет уйреттиниз. Сизге коп рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Куаншалиева Мейргул 2019-03-01 13:19 Көктемнің алғашқы күнінде алғыс айту күнінде өз ісіне шебер тренеріміз, біздің жанашырымыз-Рысканым Жолболсыновнаға және ұйымшыл, қамқор әріптестеріме шексіз алғысымды білдіремін! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.