Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелі сабақтар
05.03.2019 09:49

2019 жылдың 25 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың психологтерінің біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

Қурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың 25 психологі қатысуда.

Курс аясында көшпелі тәжірибелік сабақтар қарастырылған. КТС  мақсаты мен міндеттері:

  • Ерекше білім беруді қажет (ЕББҚ) ететін балалардың білім беру кеңістігіне қосылуының жағдайын тәжірибеде көрсету;
  • ЕББҚ бар балаларға жеке амалдар қолданылған мамандардың шеберлік  сыныптарына қатысу;
  • Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Курс бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 1 наурыз күні Орал қаласының № 45 «Нұрсәт» бөбекжайында «Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістері» тақырыбында  өткізілген  көшпелі тәжірибелік сабақтар аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін жеке сабақтарға  курс тыңдаушылары қатысты. КТС бағдарламасы бойынша аталған бөбекжайдың директоры Ш.А.Сагынгалиева ұжымның инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша шолу жасап, педагог-психолог С.Д.Бахитова «Тимбилдинг» тренингін өткізді. Сонымен қатар педагог-дефектолог А.Р.Тайкешеваның  литотерапия бойынша «Сиқырлы түрлі-түсті Марблс тастары» тақырыбында шеберлік сыныбына, педагог-психолог С.Д.Бахитованың «Ғажайып түстер» ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне, педагог-логопед А.Ж.Жайлаубаева «Кішкентай көмекшілер» ата-аналарға тақырыптық ақыл-кеңесіне,  педагог-психолог Ұ.М.Гиззатова «Мөлдір тақтайшалармен бейнелеу терапиясы» тақырыбында шеберлік сыныбына,  және жоғары санатты әдіскер Н.А.Ешмуханбетованың «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» ағартушылық шараларына қатысып, ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін ұжымның әдістемелік және командалық жұмыстарымен танысты. Психолог, логопед, дефектолог кабинеттерінің әдістемелік-материалдық жабдықталуымен танысты.

Курс тыңдаушылары теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, КТС-тан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.

Көшпелі тәжірибелі сабақтар өте жоғары деңгейде өтті,  ұйымдастырған № 45 «Нұрсәт» бөбекжайы директоры Ш.А.Сағынғалиева мен ұжымға  институт атынан алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер 

 
+1 #19 Алтаева Жаухар Кабдо 2019-03-07 09:57 «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында өткізілген курсқа көп рахмет.Жаңартылған бағытта көп нәрсені толықтырып, тәжірибе алдық.
К.Шамуратовнаға шығармашылық табыс пен жетістіктер тілеймін.
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #18 Мизамова Таншолпан 2019-03-07 09:57 №45 "Нурсат" балабақшасында өткен семинардан көп әсер алдым. ЕББҚ балалармен жұмыс жасауда бірнеше тиімді түрлерін көріп, өз қоржыныма алып қайттым Дәйексөз жазу
 
 
+1 #17 Канаталиева.Д.Ш. 2019-03-07 09:51 Мен үшін бұл семинар жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Болашақта жұмыс жасау үшін өз қоржынымды керемет дүниелерге толтырдым деп сеніммен айта аламын.Осындай семинарлар өз жалғасын таба берсін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Алтаева Жаухар Кабдо 2019-03-07 09:50 «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында өткізілген курсқа көп рахмет.Жаңартылған бағытта көп нәрсені толықтырып, тәжірибе алдық.
К.Шамуратовнаға шығармашылық табыс пен жетістіктер тілеймін.
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #15 Сикенова Карлыгаш 2019-03-07 09:49 №45 нұрсәт балабақшасында өткен инклюзивті білім беруге байланысты семинардан алған әсерім өте көп болды. Себебі, көптеген әдіс-тәсілдерді өз қоржыныма алдым. Педагог мамандардың өткізген шебер сыныптары қатты ұнады. Ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #14 Ғабдолла Гүлзат 2019-03-07 09:47 Бұл семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психолог мамандарының кәсіби шеберліктері мен құхыреттіліктер ін арттыру.
Семинарда маған ұнағаны "Тимбилдинг" тренингі, "Сиқырлы түрлі-түсті Марблс тастары", "Мөлдір тақтайшалармен бейнелеу терапиясы" ұнады. Өзіме бұл семинардан алған әсерім өте тамаша, барлығы ұнады. Семинарға әкелген Қ. Шамуратоваға және №45 "Нұрсәт" бөбекжайы МКҚК ұжымына алғысымды білдіремін…
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #13 Амангалиева Бибинур 2019-03-07 09:43 45 Нурсат бобекжайында откен семинарда мамандардын жумыстарын кордим.Арбир маман жумыстану багытарын жуйели турде корсете билди.Оз коржынымды толыктырып болашакта оз жумысымда колданамын деген ойдамын Дәйексөз жазу
 
 
+2 #12 Ильясова Эльмира 2019-03-07 09:42 №45 "Нұрсәт"бөбекжайында "Психокоррекциял ық жұмыстың мазмұны мен әдістері"тақырыбындағы облыстық семинарға қатыстым.Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психолог мамандарының кәсіби шеберліктері мен құзыреттіліктер ін арттыру мақсатындағы семинар өте керемет өтті.Өзімнің қоржыныма керекті мағлұматтар алдым және ұжымның өте ұйымшыл екендігін байқадым. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #11 Кереева Т.Т. 2019-03-07 09:41 "Нұрсәт" бөбекжайында өткізілген тәжірибелік сабақтар өте қызықты, мазмұнды болды. ППС мамандарының біріккен жұмысы жүйелі түрде көрсетілді. Алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданатын қажетті көптеген мағлұматтар ала алдым. Бөбекжай ұжымына шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #10 Кусанова Альбина 2019-03-07 09:41 45 "Нурсат" бобекжайында откен семинарга катысып оте керемет асер алдым. Бобекжайга киргеннен карсы алу, уйымдастырылган оку кызметтери,шыга рып салганша барлыгы оте жогары денгейде уйымдастырылган . Семинардан озимнин коржынымды толтырып шыкканыма куаныштымын. Семинарды уйымдастырган 45 "Нурсат" бобекжайынын ужымына, басшылыгына улкеен алгыс билдире отырып, шыгармашылык табыстар тилеймин. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #9 Султанова Г.С. 2019-03-07 09:40 №45 "Нұрсәт" бөбекжайында өткізілген семинарда педагогтардың іс-тәжірибелерінен көптеген өзіме керекті мағлұматтарды алдым. Соның ішінде ерекше ұнағаны дефектолог маманның Марблс тастарын пайдаланып өткізілген шеберлік сыныбы қатты ұнады. Жалпы, ерекше балалармен жүйелі түрде бірігіп жұмыстану керектігін ойға түйдім.Алдағы уақытта ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Султанова Г.С. 2019-03-07 09:40 №45 "Нұрсәт" бөбекжайында өткізілген семинарда педагогтардың іс-тәжірибелерінен көптеген өзіме керекті мағлұматтарды алдым. Соның ішінде ерекше ұнағаны дефектолог маманның Марблс тастарын пайдаланып өткізілген шеберлік сыныбы қатты ұнады. Жалпы, ерекше балалармен жүйелі түрде бірігіп жұмыстану керектігін ойға түйдім.Алдағы уақытта ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #7 Султанова Г.С. 2019-03-07 09:40 №45 "Нұрсәт" бөбекжайында өткізілген семинарда педагогтардың іс-тәжірибелерінен көптеген өзіме керекті мағлұматтарды алдым. Соның ішінде ерекше ұнағаны дефектолог маманның Марблс тастарын пайдаланып өткізілген шеберлік сыныбы қатты ұнады. Жалпы, ерекше балалармен жүйелі түрде бірігіп жұмыстану керектігін ойға түйдім.Алдағы уақытта ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #6 Нагиметдинова Д Ж 2019-03-07 09:38 инклюзияға байланысты ұйымдастырылған семинар ұнады. практикалық жағынан өзімізге көптеген мағлұматтар берілді. дефектологтың өткізген шеберлік сыныбы өте ұнады. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #5 Купешева Г.С. 2019-03-07 09:38 Бұл балабақшада өткен семинар өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Көптеген қажетті дүниелерді өз қоржыныма жинадым. Психологтың, дефектологтың және логопедтің өткізген шебер сыныптары жоғары деңгейде өткізілді.Жұмыстарына шығармашылық белестер тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Султанова Г.С. 2019-03-07 09:38 №45 "Нұрсәт" бөбекжайында өткізілген семинарда педагогтардың іс-тәжірибелерінен көптеген өзіме керекті мағлұматтарды алдым. Соның ішінде ерекше ұнағаны логопед маманның Марблс тастарын пайдаланып өткізілген шеберлік сыныбы қатты ұнады. Жалпы, ерекше балалармен жүйелі түрде бірігіп жұмыстану керектігін ойға түйдім.Алдағы уақытта ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #3 Нагиметдинова Д Ж 2019-03-07 09:38 инклюзияға байланысты ұйымдастырылған семинар ұнады. практикалық жағынан өзімізге көптеген мағлұматтар берілді. дефектологтың өткізген шеберлік сыныбы өте ұнады. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Дюсембеева Жамал 2019-03-07 09:37 Семинар Жақсы өтті.Көп жаңа мәлімет алдым.Тас терапиясы ұнады. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Беркалиева зульфия 2019-03-07 09:32 Семинар ұнады .Прақтиқа жағынан көп керекті ,қызықты, бұрын білмеген, көрмеген мәлімет алдым.Ұжымға табыс тілеймін Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.