Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Мұғалімнің зерттеу жұмысы арқылы кәсіби өсуі: қазір және болашақ
15.03.2019 17:28

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 15 наурызында өткізілген ІІІ аймақтық «Мұғалімнің зерттеу жұмысы арқылы кәсіби өсуі: қазір және болашақ» атты ғылыми-практикалық конференцияға «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы БҚО ПҚБАИ директорының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Елдос Набиоллаұлы Сафуллин және тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтік кафедрасының меңгерушісі Рысқаным Жолболсынқызы Бахтиярова қатысты.

Конференцияның жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың оқуы мен мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жақсарту мақсаты көзделген.

Бағдарлама бойынша конференция аясында постер сессиясы және келесі секциялық отырыстар оздырылды:

  • Lesson study: Сабақ – мұғалімнің кәсіби өсу құралу ретінде;
  • Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу: тұжырымдамадан тәжірибеге;
  • CLIL әдісін жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда қолдану;
  • Саралап оқыту: теориядан практикаға;

Конференция жұмысының қорытындысында зеттеу жұмыстарының үздіктері анықталып, марапатталды. Жүргізілген жұмыстар бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Бахтиярова Рысканым 2019-03-19 18:00 Конференцияның пленарлық отырысында«Өрле у» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы БҚОПҚБАИ директорының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Елдос Набиоллаұлы Сафуллин "Педагогтің кәсіби өсуі" тақырыбында ой бөлісті. Институттың осы бағытта жүргізіп отырған жүйелі жұмыстарын саралап, мұғалімнің кәсіби дамуына әсер ететін қолдау турасында әңгіме қозғады. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.