Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Әдістемелік кеңес отырысы
28.03.2019 14:01

Ағымдағы жылдың 28 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен кезекті әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырысқа облыстық, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

Шара барысында қатысушылар біліктілікті арттыру курстарының сапасын сырттай бағалау мақсатында аудиторияларда өтіп жатқан тәжірибелік сабақтарға қатысып, ой-пікірлерін білдірді. Одан әрі институттың музейін аралап, облыстың педагогикалық тарихымен тереңірек танысты.

Қорытындысында институттың аудан, қала педагогтерімен бірлескен жұмыстарының нәтижесінде үздік көрсеткіш көрсеткен әдістемелік кабинет меңгерушілері мен ұстаздар марапатталып, басқосу дәстүрлі әдістемелік кеңес отырысына ұласты.

Фотогалерея

Облыстық әдістемелік кеңес ұсынбалары

28.03.2019 ж.

Бірінші сұрақ бойынша:

  1. 1. Аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттеріне, облыстық мектеп басшыларына:

-          Педагогтердің кәсіби өсуіне қажетті байқаулар мен конференцияларға белсенді қатысуды қамтамасыз ету;

-          Аттестаттау Ережесін талдау, мақала, баяндамалар жасау

-          Артық есептілік пен регламентттеуді алып тастау секциясына белсенді қатысу

Екінші сұрақ бойынша:

  1. 2. Аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттеріне, облыстық мектеп басшыларына:

-          білім беру ұйымдарында педагогтердің біліктілікті арттыру курстары бойынша қамтылуына сараптама, мониторинг жүргізу;

-          білім беру ұйымдарында педагогтердің біліктілікті арттыру курстарына  бойынша қамтылуына сараптама, мониторинг жүргізу

-          табысты оқыту және педагогтердің құзіреттілігін үздіксіз дамыту мақсатында курстардың көмегімен педагогтердің біліктілігін арттыруға көмек көрсету.

Үшінші сұрақ бойынша:

  1. 3. Техникалық және кәсіптік білім беру бөліміне, техникалық және

кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларына:

-       ТжКББ ұйымдарының шет елде біліктілік арттырған педагогтарының іс - тәжірибесін таратуға ықпал ету және білім беру ұйымдарымен байланыс орнату;

-       ТжКББ ұйымдарының шет елде біліктілік арттырған педагогтарының іс - тәжірибесін трансляциялау;

-       ТжКББ ұйымдары педагогтарының шет елдік тағылымдамадан өтуіне жағдай жасау;

-       сапалы іске асыру, тұрақтандыру, тарату және әр кезеңде инновацияның тиімділігіне мониторинг жүргізу.

 

 

Пікірлер 

 
0 #1 Жадыра 2019-04-14 11:56 Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.