Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Көшпелі тәжірибелі сабақтар ұйымдастырылды
29.03.2019 13:13

«Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы қосымша білім беру педагогтеріне арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында Сырым ауданы мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беру педагогтері іс-тәжірибелік сабақтар көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының  қол өнер үйірмесінің жетекшлері Макарова Мая Амандыққызы тақырыбы «Фоамин материалынан жасалған светильник гүлі», Калимулина Анар Рахатовна тақырыбы «Қағаз гүл-  Сирень»,  бейнелеу өнері  үйірмесінің жетекшісі Садыков Ыбрай Абайұлы тақырыбы «3D форматында сурет салу» шебер сыныптарын көрсетті.

Балалар музыка мектебінің домбыра, фортепиано класының оқытушылары Сапаралиева Айгул Ганиевна және Бисенгалиева Асель Амангельдиевналар «Сыйқырлы күй сандық» тақырыбында демостративті түрде фортепианода орындау класын және домбыра аспабының қосындысымен ансамбль, концертмейстерлік сүйемелдеуді тамашалады.

Жас туристер станциясының «Бард» үйірмесінің жетекшісі Кдыргалиев Азамат Уалиахметович «Қазақтың бард орындаушысы Табылды Досымов» тақырыбында топтастырылған сабақ жүргізді.

Қосымша білім беру педагогтерінің іс-тәжірибелері тереңдетілген интерактивті оқытудағы жаңа технологиялардың әр түрлі тәсілдерінде  және әр  форматта  көшпелі тәжірибелік сабақтар өткізілді.

 

Пікірлер 

 
0 #1 Сырым Ажигалиев 2019-04-02 11:07 Жас туристер станциясының «Бард» үйірмесінің жетекшісі Кдыргалиев Азамат Уалиахметович «Қазақтың бард орындаушысы Табылды Досымов» тақырыбында сабақ жүгізген болатын,
өте керемет өтті.
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.